Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Тәуелсіздік — бәсекеге қабілеттілік!

– Тәуелсіздік – мен үшін шексіз мүмкіндіктер мен үлкен жауапкершіліктің символы. Кәсіпкер ретінде мен еркіндікті тек саяси мағынада ғана емес, экономикалық тұрғыдан да бағалаймын. Біз өзіміздің ісімізді ашып, еркін еңбек етіп, өз идеямызды жүзеге асыра алатын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.

Біздің ата-бабамыз азаттық үшін қанша жыл күресті, ал қазір сол тәуелсіздіктің жемісін көріп отырмыз. Бірақ, бұл бізге бәрі дайын дегенді білдірмейді. Тәуелсіздіктің нығаюы – әрбіріміздің еңбегімізге, жауапкершілігімізге байланысты. Мемлекет еркіндік берді, енді біз сол еркіндікті дамуға айналдыруымыз керек.

Мен үшін тәуелсіздік – бәсекеге қабілеттілік. Егер кәсіпкерлер жаңашылдық әкеліп, әлемдік нарықта өз өнімдерін таныта алса, бұл елдің дамуына үлес қосу деген сөз. Бұл тек жеке пайда емес, ел экономикасының өркендеуі, жаңа жұмыс орындары, халықтың әл-ауқатының жақсаруы.

Кәсіпкер ретінде менің басты мақсатым – өз кәсібім арқылы еліміздің экономикасын нығайту, қазақтың брендтерін әлемге таныту, жастарға үлгі көрсету. Тәуелсіздік бізге мүмкіндік берді, енді біз сол мүмкіндікті іске асыруға міндеттіміз.

 

Түймелиев Нұрлан Облыстық маслихат депутаты, жеке кәсіпкер

Басқа жаңалықтар

Back to top button