Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Тәуелсіздік — біздің жауапкершілік!

Тәуелсіздік – бұл ата-бабаларымыздың бізге қалдырған аманаты. Мен жастау кезімде, еліміз өз еркіндігін алуды армандаған қиын заманды көрдім. Қанша шаңырақ шайқалды, қанша жан құрбан болды – бәрі еркіндіктің жолында еді. Ал қазір біз сол асқақ арманға қол жеткіздік.

Бірақ, тәуелсіздік деген тек “біз егемен елміз” деп айту емес. Бұл – үлкен жауапкершілік. Біздің болашағымызды өзіміз құраймыз. Тіліңді, дініңді, дәстүріңді жоғалтсаң, еркіндігің де баянды болмайды. Қазақ “Бірлік бар жерде тірлік бар” дейді. Елдің бірлігі мықты болса ғана, тәуелсіздікті мәңгі сақтай аламыз.

Енді, сол еркіндікті баянды ету жастардың қолдарыңда. Біз көрген қиындықты жастар көрмесін деп тілеймін. Еліңді сүй, тіліңді құрметте, еңбектен қашпа. Сонда ғана біз армандаған тәуелсіздік шын мәнінде гүлденеді.

Сейдалиев Мақсат аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі

Басқа жаңалықтар

Back to top button