Тәуелсіздік — тұғырым!
– Тәуелсіздік – мен үшін тек тарихтағы оқиға емес, менің өмірімнің мәні мен болашағым. Ата-бабамыздың жанқияр ерлігі мен арманын арқалап, бүгін біз еркін елдің азаматы болып жүрміз. Бұл – бақыт қана емес, үлкен жауапкершілік.
Менің ойымша, тәуелсіздік – тек мемлекетіңнің өз бетінше өмір сүруі ғана емес, әрбір азаматтың ойы мен іс-әрекетінде еркін болуы. Бізге тек тәуелсіз елде туып-өскенімізді мақтан тұту аз. Сол еркіндікті одан әрі нығайту, елді дамытатын білім, еңбек, инновациялар арқылы үлес қосу – біздің ұрпақтың міндеті.
Әрине, тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болса, оны сақтау да оңай емес. Әлемде саяси, экономикалық бәсекелестік күшейіп келеді. Сондықтан біз мықты білімді, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, жауапкершілікті сезінетін ұрпақ болуымыз керек. Менің арманым – еліміздің тәуелсіздігін әлемнің ең мықты мемлекеттерімен тең дәрежеде көру.
Тәуелсіздік бізге мүмкіндік берді, ал сол мүмкіндікті іске асыру біздің қолымызда!
Тынышбаева Мариям Іле аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі