Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларды жалғастыруға және олардың ел игілігіне бағытталғанын айқын көрсетуге ұмтылысы – мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін дәлелдейді. Соңғы жылдары жүзеге асырылған саяси реформалар билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайтып, азаматтардың саяси өмірге белсенді араласу мүмкіндігін кеңейтті.

Әсіресе, Конституцияның үштен бірінің жаңартылуы – ел тарихындағы ауқымды қадамдардың бірі. Бұл реформалар мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етіп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға мүмкіндік берді. Қоғамдық кеңестердің маңызы да арта түсті, себебі олар азаматтардың көкейіндегі мәселелерді билікке жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Президенттің реформаларды қоғамның нақты сұранысына негіздей отырып әзірлеу ұстанымы ерекше құнды. Бұл – мемлекеттің өз халқына құлақ асып, өзекті мәселелерді шешуге дайын екенін көрсететін негізгі белгі. Қоғамдық кеңестер де осы процестің белсенді қатысушысы ретінде мемлекет пен азаматтар арасындағы алтын көпір рөлін жалғастыруы қажет.

Алдағы уақытта Ұлттық құрылтай отырыстарында және Жолдау аясында көтерілетін тың бастамалар Қазақстанды жаңғырту жолындағы маңызды қадамдар боларына сенімдімін. Қоғамдық кеңес мүшелері де бұл бастамаларды қолдап, олардың тиімді іске асырылуы үшін өз үлесін қосады.

Реформалар – елдің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін үздіксіз процесс. Осы ретте, Президенттің елдің өркендеуі үшін жаңа шешімдер қабылдап, халықпен әрдайым ашық диалог жүргізуге ниетті екенін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанның болашағы осы бірлескен әрекет пен ортақ мақсатқа деген сенім арқылы нығая түсетіні анық.

С.Т Закиржанов

аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button