Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБез рубрики

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясына берген бағасы мен оны ұлттық идеологияның маңызды бөлігі ретінде тануы өте өзекті әрі орынды. Бұл бастама тек экологиялық мәселелерді шешуге емес, қоғамның санасын жаңғыртуға және ел болашағына деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Өз аудандарымызда «Таза Қазақстан» жобасы аясында үлкен жұмыс атқарылды. Әсіресе, акцияның тек қоқыс жинаудан тұрмай, экологиялық мәдениет пен тәртіпті қалыптастыруды көздейтінін халық арасында түсіндіруде белсенділік таныттық. Бұл бастаманың нәтижесінде тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасы айтарлықтай өзгерді, экология мәселелеріне бейжай қарамайтын азаматтардың қатары көбейді.

Ауданымызда акция аясында бірнеше тонна қоқыс жиналып, мыңдаған ағаш отырғызылды. Әкімдіктердің тікелей жауапты болуы бұл шараның тиімділігін арттырып, елді мекендердің тазалығы мен абаттануына оң әсер етті. Мұндай шаралар аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға және олардың өмір сүру ортасын қауіпсіз әрі жайлы етуге мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» идеясы тек экология саласында ғана емес, әлеуметтік және экономикалық дамуда да маңызды рөл атқарады. Ағаш отырғызу мен абаттандыру жұмыстары жергілікті кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерін ортақ іске жұмылдырды. Бұл тұрғындар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайта түсті.

Алдағы уақытта мәслихат депутаты ретінде бұл бастаманы жалғастыруға, халықпен бірлесіп жаңа экологиялық жобаларды іске асыруға бар күш-жігерімді жұмсаймын. «Таза Қазақстан» ұлттық идеясы еліміздің экологиялық мәдениетін одан әрі дамытуға және ұрпақтан-ұрпаққа қалатын игі дәстүрге айналары сөзсіз.

М.Б Карибаев

аудандық маслихат депутаты

Басқа жаңалықтар

Back to top button