Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сұхбаты ел болашағына сенім ұялататын маңызды ойлармен толыққан. Әсіресе, жастар үшін әлеуметтік мемлекет құру жолындағы қадамдар ерекше маңызға ие. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының іске асуы – жастардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық қадам. Бұл – болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалған инвестиция.
Сонымен қатар, білім беру мен ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанына қуаныштымыз. Жүздеген жаңа мектептер мен балабақшалардың салынуы, шетелдік беделді университеттердің бөлімшелерінің ашылуы – жастардың сапалы білім алуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор мүмкіндік береді. Бұқаралық спортты дамыту мен дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарының көбейуі жастардың салауатты өмір салтын ұстануына оң ықпалын тигізеді.
Президенттің сұхбатында атап өткен жасампаздық стратегиясы – жастардың ертеңіне деген сенімін нығайтады. Қазақстанның халықаралық аренадағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы бастамалары біз үшін ерекше маңызды. Бұл бізді болашақ көшбасшы мемлекет ретінде қалыптастырудың кепілі.
Біз жастар елдегі реформаларды қолдай отырып, әрбір жастың жеке әлеуетін арттыру үшін осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануымыз қажет деп санаймын. Еліміздің даму жолына өз үлесімізді қосу – біз үшін үлкен абырой.
Тынышбаева Мариям — аудандық жастар орталығының жетекшісі