Сұйытылған газдың қолжетімділігі – экономикалық тұрақтылық пен экологияның кепілі
Еліміздегі бензин мен сұйытылған газ бағасының қолжетімділігі – халықтың күнделікті өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Әсіресе, сұйытылған газды қолданудың артуы елдің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. Бұл халықтың отынға кететін шығындарын азайтып қана қоймай, экологиялық таза отынды қолдануға ынталандырады.
Ардагерлер қауымдастығы үшін бұл мәселе ерекше маңызды, себебі қолжетімді отын ресурстары ел азаматтарының өмір сүру деңгейіне ғана емес, жалпы қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікке де әсер етеді. Газды тиімді пайдалану, оны өндіру мен жеткізу жүйесін дамыту елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуда шешуші рөл атқарады.
Сонымен қатар, сұйытылған газды қолданудың кеңеюі ауылдық аймақтар мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл ауыл шаруашылығы мен шағын бизнесті қолдауға, жұмыс орындарын сақтауға және жергілікті экономиканы дамытуға ықпал етуде. Сондықтан мемлекеттің осы саладағы саясатын қолдай отырып, ардагерлер қауымдастығы бұл бағыттың ел игілігі үшін әрі қарай да дами беруіне тілек білдіреді.
“Іле ауданының Ауған соғысы ардагерлері” ҚБ жетекшісі Б. Бесиров