Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысы

Өзіңізді жатыр мойны обырынан қорғай алу: Қазақстанда адам папилломасына қарсы вакцинациялау маңыздылығы

Қаңтардың үшінші аптасында жыл сайын Дүниежүзілік жатыр мойны обыры туралы хабардар болу апталығы атап өтіледі. Бұл жаһандық бастама осы қауіпті аурудың алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге назар аударуға бағытталған. Жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау болып табылады.

 

АПВ-а қарсы вакцина қалай әсер етеді?

Вакцинациялау — бұл ауру жұғудың алдын алатын сенімді және қауіпсіз әдіс. Вакцина иммундық жүйеге вирусты тануға және оны организмге зиян тигізбей тұрып жоюға көмектеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жасөспірімдер мен жас әйелдерді, әсіресе вирустың әсеріне ұшырамаған адамдарды вакцинациялауды ұсынады.

Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 11 мен 13 жас аралығындағы қыздарға салынады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, 11 жасқа толған қыздар жоспарлы түрде вакцинациялауға жатады, сонымен қатар 12 және 13 жастағы қыздар үшін толықтырып иммундау қарастырылған. Вакцинация алты ай аралықта екі рет жүргізіледі.

Екпе салу ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін мектептің медициналық кабинеттерінде жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинациялау тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

 

Вакцинациялау не үшін қажет?

Тиімділігінің жоғары болуы. Вакцина жиі обыр тудыратын айтарлықтай қауіпті АПВ штамдарынан қорғайды.

  • Ұзақ уақыт қорғау. Вакцинациялаудың толық курсы жүргізілгеннен кейін иммунитет көптеген жылдар бойы сақталады.
  • Әлемдік тәжірибе. АП-ға қарсы вакцинациялау 100-ден астам елде енгізілген және жатыр мойны обырымен сырқаттанушылықты төмендетудегі тиімділігін дәлелдеген.

 

Жатыр мойны обырының алдын қалай алуға болады?   

Вакцинациялаудан бөлек, тұрақты түрде скринингтен өту маңызды рөл атқарады роль. ПАП-тест әдісі (цитологияға жағынды алу) мен АПВ-ға тест жүргізу жатыр мойны жасушаларындағы өзгерістерді ерте сатыларда анықтауға және ауруды тоқтатуға мүмкіндік береді.

 

АПВ-ға қарсы вакцинациялау қай жерде жүргізіледі?  

Вакцинациялау жүргізілетін орындар мен оған жазылу тәртібі туралы анық ақпарат алу үшін:

  • өзіңіздің емханаңызбен хабарласыңыз.
  • Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің немесе жергілікті денсаулық сақтау басқамасының сайтына кіріңіз.
  • жақын жердегі медицина орталығына барыңыз.

Профилактика — бұл жатыр мойны обырымен күресудің бірден бір әдісі. Вакцинациялау мен тұрақты тексерулер денсаулық пен өмірді сақтап қалуға көмек береді.

Дер кезінде вакцинациялау өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығын сақтаудың маңызды қадамы екенін естен шығармаңыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button