Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

Ауданның тұрақты дамуы – елдің өркендеуінің кепілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзі елдің алдында тұрған жаңа міндеттерді айқындады. Әсіресе, жаһандық өзгерістер мен цифрландыру дәуіріне бейімделу – әрбір деңгейдегі билік органдарының жауапкершілігін арттыратын фактор.

Аудандық мәслихат депутаты ретінде айтарым, цифрландырудың әсері ең алдымен жергілікті жерлерде көрініс табуы керек. Мемлекеттік қызмет көрсету, инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік қолдауды цифрландыру – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл тек уақыт талабы ғана емес, халықтың күткен нақты нәтижесі.

Сонымен қатар, Үкімет пен әкімдердің жұмысының тиімділігі туралы Президенттің пікірін толық қолдаймын. Аудан деңгейінде негізгі міндет – экономикалық көрсеткіштерді жақсарту ғана емес, халықтың күнделікті өмір сапасын арттыру. Осыған орай, бюджетті тиімді пайдалану, инвестициялар тарту және шағын бизнесті қолдау басты назарда болуы керек.

Президент айтқандай, жаңа технологиялық жағдайға дайын болу – елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты. Бұл міндеттерді орындауда жергілікті мәслихаттар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, олардың пікірін ескеріп, өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге үлес қосуы тиіс. Біз бірлесе отырып, ауданымыздың гүлденуі мен елдің дамуына қызмет етеміз.

Іле ауданының маслихат депутаты С.Жарқынбеков

Басқа жаңалықтар

Back to top button