Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Қоғамдық белсенділік және цифрландыру арқылы даму жолы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерген мәселелері – еліміздің дамуындағы стратегиялық бағыттарды айқындайтын маңызды бастамалар. Жаһандық өзгерістердің ел экономикасы мен әлеуметтік өміріне әсерін ескере отырып, жаңа технологиялық кезеңге дайындықтың маңызы зор.

 

Қоғамдық кеңес төрағасы ретінде айтарым, цифрландыру мен заманауи технологияларды енгізу – тек экономиканы ілгерілетіп қана қоймай, азаматтардың өмір сапасын жақсартудың негізгі құралы. Әсіресе, мемлекеттік басқару мен қоғамдық бақылау процестерінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін цифрлық платформаларды дамыту қажет. Бұл халықтың мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігін арттырады.

Президенттің Үкімет пен әкімдердің жұмысын халықтың тұрмыс сапасына қарай бағалау туралы ұстанымы орынды әрі әділ. Жергілікті деңгейде, әсіресе ауыл-аймақтарда, тұрғындардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге басымдық беру қажет. Қоғамдық кеңестер бұл үдерістерде ел мен билік арасындағы байланысты күшейтуге белсене қатысуы керек.

Жаңа кезеңге дайын болу үшін қоғам болып бірлесіп әрекет ету маңызды. Әр азаматтың пікірі мен ұсынысын тыңдай отырып, дамудың тұрақты және әділ жолын қалыптастырамыз. Президенттің көрсеткен бұл бағытын жүзеге асыруда қоғамдық кеңестердің атқарар рөлі зор деп есептеймін.

Іле ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Закиржанов

Басқа жаңалықтар

Back to top button