Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Жаңа технологиялар дәуірінде мәдениет саласындағы инновациялар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі айтқан сөздері еліміздің даму жолындағы стратегиялық бағыттарды айқындап, алдағы кезеңде қандай қадамдар жасау қажеттігін ашып көрсетті. Әсіресе, цифрландыру мен жаңа технологияларға қатысты көзқарас – бұл тек экономикалық даму үшін ғана емес, мәдениет саласындағы жетістіктер үшін де маңызды. Жаңа технологиялар мәдениет пен өнерді дамытуда, әсіресе, шығармашылық процесс пен мәдени мұраны сақтауда үлкен рөл атқарады.

Алматы облысы мен Іле ауданы үшін де цифрландыруды енгізу, мәдениет саласында жаңа шешімдер мен әдістерді қолдану үлкен мүмкіндіктер ашады. Онлайн платформалар арқылы мәдени іс-шаралар мен шығармашылық жобаларды кең ауқымда насихаттауға, мәдени мұраны цифрлық форматта сақтауға болады. Бұл облысымыздың мәдени әлеуетін көтеруге, еліміздің мәдени картасын әлемге танытуға мүмкіндік береді.

Қазір әлемде жүріп жатқан өзгерістерді ескере отырып, біз де мәдениеттің жаңа кезеңіне қадам басып, заманауи технологияларды шығармашылық жұмыстарымызда пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа бай мәдени мұра қалдыруымыз қажет.

ҚР Мәдениет қайраткері,

Алматы облысының және Іле ауданының Құрметті азаматы

Т.Кененқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button