Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

Жаңа технологиялар мен цифрландыру: Алматы облысындағы дамудың жаңа кезеңі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі айтқан сөздері еліміздің болашағына қатысты маңызды бағдарларды белгілеп берді. Әсіресе, цифрландыру және жаңа технологиялық кезеңге дайын болу қажеттігі өте орынды көтерілді. Бұл – тек экономикаға ғана емес, әрбір салаға әсер ететін үлкен өзгеріс. Әрине, үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін нақты нәтижелер арқылы бағалау – өте маңызды. Бірақ менің ойымша, еліміздің әрбір аймағында, оның ішінде Алматы облысында, осы өзгерістерді дұрыс жүзеге асыру үшін жергілікті деңгейде нақты қолдау көрсету қажет.

Алматы облысы спорт пен дене шынықтыру саласында да маңызды жетістіктерге жетуде, алайда жаңа технологиялар мен цифрлық платформаларды енгізу арқылы бұл салада да қосымша мүмкіндіктер ашуға болады. Спорттық инфрақұрылым мен жас таланттарды қолдауды арттыру, цифрландырудың көмегімен олардың жетістіктерін мониторинг жасау, онлайн жүйелер арқылы спорттық жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту – осының бәрі болашақта дамуымызға серпін береді.

Сондықтан, жергілікті деңгейде инновациялар мен цифрландыруды жылдам енгізуге қажетті назар аударып, халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін нақты қадамдар жасау қажет.

Алматы облысының маслихат депутаты,

«Сағадат» спорт клубының жетекшісі

Н.Орынбасаров

Басқа жаңалықтар

Back to top button