Алматы облысының жолдары 4 жылда 4 мың рет тексерілген
Алматы облысында 4 жылдың ішінде жолдар 4 мыңнан аса рет тексеріліп, 1096 нысан қамтылған. Олардан 9 жарым мыңнан сынама алынып, оның 4 мыңға жуығы нормаға сәйкес болмаған. «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалы мамандары төрт жылда 2974 ақау анықтаған, оның 2552-сін мердігерлер қайта жөндеді. Ақау және сынамалары сәйкес емес болған нысандарда 1 178,2 млн.теңгеге мердігерлермен жолдар қайта қалпына келтірілді. Мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау мемлекеттік мекемесіне 11 хат жолданып, мердігер және техникалық қадағалау мекемелеріне 11,6 млн.теңге айыппұл салынды және 1 мекеме лицензиясынан айырылды.
Ал Республикалық маңызы бар жолдарға 1340 шығу болған, 775 нысан қамтылған. 5562 сынама алынып, оның 3108-і тиісті талапқай сай келмеді.
Жалпы 2023 жылдан бастап жолдарды орташа жөндеуге 51 ведомстволық сараптама қорытындысы берілді, 2024 жылы 153 жоба сараптамаға кіріп, қазіргі уақытқа дейін 113 қорытынды берілген (республикалық жолдарға 14, жергілікті маңызы бар жолдарға 99), қалған 40 жоба сараптамадан өтуде.
Қазіргі таңда маман тапшылығы байқалады. Сол себепті мектептерге және жоғарғы оқу орындарына барып үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.