AMANATАлматы облысының жаңалықтары

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ» АНЫҚТАЛДЫ

2025 жыл Қазақстандағы бастауыш партия ұйымдарының жылы деп жарияланған болатын. Бұл бастама аясында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы аудандық және аумақтық деңгейде «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты — партияның жұмысын жандандырып, үздік бастауыш ұйымдарды анықтау болып табылады.

Партия төрағасы Ерлан Жақанұлының тапсырмасы негізінде байқау республика көлемінде өткізіліп, Алматы облыстық филиалында да бұл байқау бастау алды.

Байқауға Алматы облысы бойынша 22 бастауыш партия ұйымы қатысты. Аудандық партия филиалдарында 20-24 қаңтар аралығында өткізіліп, нәтижесінде үздік деп танылған үш бастауыш партия ұйымы облыстық деңгейге жолданды. Облыстық комиссия олардың арасынан үздік үштікті анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.
Байқаудың нәтижелері бойынша:
1- ші санат бойынша: * I орын — Іле ауданынан «Фирма Бент» Бастауыш партия ұйымы, төрағасы —Кузиев Дінмұхамед Ділмұратұлы.
2- ші санат бойынша: * II орын — Іле ауданынан «Асқар Тоқпанов» Бастауыш партия ұйымы, төрайымы — Сагимбекова Галия Курманхановна.
3-ші санат бойынша * III орын —Іле ауданынан «Қараой» Бастауыш партия ұйымы, төрағасы — Баченов Оралбек Оралбайұлы.
«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов жеңімпаздарды құттықтап, арнайы сый-сияпаттармен марапаттады.

Енді Іле ауданындағы «Фирма Бент» Бастауыш партия ұйымы Астана қаласындағы партияның Орталық аппаратына жолданады. Аталған партия ұйымы сол жақта Алматы облысының абыройын қорғайтын болады.

#AMANAT

Басқа жаңалықтар

Back to top button