Алматы облысының жаңалықтарыМәдениетМерекелер

«Мың алғыс саған –туған жер»

Аудандық ішкі саясат ММ бөлімі және «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ Іле ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен Өтеген батыр ауылында 1-наурыз Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Мың алғыс саған –туған жер» тақырыбында конференция өтті.

Шара барысында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай аудан әкімі Қайыржан Серікбайұлы аудан тұрғындарын және этномәдени орталықтарын мерекемен құттықтады. Бөлім басшысы Мейрамкүл Түйебайқызы, ұйғыр орталығының төрайымы Рашидам Сайдалиевна, күрд этномәдени орталығының төрағасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гамзе Бадреевич, Іле ауданының Құрметті азаматы, Іле аудандық медиацция төрағасы Юрий Васильевич сөз сөйлеп мерекесімен құттықтады.

Шараға ұйғыр этномәдени орталықтарының өкілдері, ұславян этномәдени орталығының өкілдері мен төрағалары, «Ассамблея жастары» төрағасы, медиация төрағасы, Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің төрағалары қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button