Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

АҚШИДІҢ АҚ ЖАУЛЫҚТАРЫ АУЫЛҒА ШЫРАЙ БЕРГЕН

Кез келген жаратылыстың нәзіктігі мен сұлулығын әсіресе қазақ халқы қыз балаға теңестірген, әр бір әдемілікті қыздың болмысына балаған. Құралай көз, ақмарал ару, қыр гүліндей құлпырған қызғалдақ. Осы бір әсем құбылыстың әйел затына лайық айтылуы бекер емес.

Айналасына шырай шашқан, сүйкімділігімен баураған, қамқорлығымен ұйытқы болған әр қыз баланың тәрбиесіне аса тереңдікпен қараған қазақпыз.

Осы тұста Ақши  ауылдық  Мәдениет  үйінде  қазақ  халқының ұлттық  құндылықтары  мен тәрбиелік  дәстүрін  талқылау, қыз  баланың  тәрбиесіндегі  әдеп, инабат, ізеттілік  ұғымдарының   маңызын  ашуда, қыз  баланың  сыртқы сұлулығы  мен  ішкі  жан  дүниесінің  үйлесімділігі   туралы  ой  қозғау, мақсатында  «Қыз  қылығы болмаса  құр  шырайдан не  пайда» атты ауыл тұрғындары, яғни №8, №41 орта  мектептерінің оқушылары мен ата-аналары, «Ақниет» халықтық әжелер ансамблі мүшелерінің қатысуымен пікірталас  өтті.

Іс-шараны ұйымдастырған  Іле ауданының құрметті азаматы, мәдениет саласына еңбек сіңірген өнер ардагері, халықтық «Ақниет» әжелер  ансамблінің қабырғасын қалаған жетекшісі және Күрті ауылдық округінің Аналар кеңесінің  төрайымы, зейнеткер Гульнара Ахметбаева, кештің сценарийін тікелей өзі жазып, басқарып, өзі дайындаған  сұрақтарына  мектеп  оқушылары мен ата-аналардың өзара пікірлерін ортаға кеңінен айтуына, ойларын ашық жеткізуге барынша мүмкіндік туғызды.

Осы орайда алғырлығы мен сөзге шешендігі және ой айтуда батылдығымен ерекше көзге түскен жастар көңіл қуантты.

Атап өтсек, олардың қатарында Динара Досжан, Мерей Нұртілеу, Фариза Әкім, Мадина Керей, Мырзағалиқызы Балауса, Аманиязова Альбина және Гүлсара Сәнтай, Света Демесінова, Нұркамал Кемербаева, Жарасқан апаларымыз бар. Барша белсенділік танытқан қатысушыларға ынталандыру мақсатында арнайы сый-сияпат тапсырылып, кеш соңы Ақши ауылдық Мәдениет  үйінің  қызметкерлері  А.Нурмуханова  мен Д.Сариева сынды өнерпаздардың орындаған әсем әндеріне ұласты.

Өз тілшіміз

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button