Без рубрики

Алматы облысында «Мұз-2025» республикалық науқаны өтуде

 

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД АҚБ аға офицері Дидар Асқарбекұлы айтты.

Шараның мақсаты- жазатайым оқиғалардың, мұз үстінде адамдардың жарақат аулы мен өлімнің алдын алу. Мамандардың айтуынша, қоғамдық орындарда тұрақты негізде балық аулау кезіндегі мінез-құлық ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Төтеншеліктердің ескертуіне қарамастан ережені ескермегендерде бар екен.

«Жыл басынан бері балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-дейді Алматы облысы ТЖД АҚБ аға офицері Дидар Асқарбекұлы.

Негізгі қағида бойынша, мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, мұз үтсіне шыққанда ұзындығы 12 метр арқан, құтқару шильці және ысқырық пен құтқару кеудешесі болуы шарт.
Әр адам өз өміріне жауапты. Сондықтан ескертуді елемеу дұрыс емес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button