Салық реформасы – әділетті қоғамның негізі

Мәдениет қайраткері ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың салық жүйесін реформалау туралы бастамасын қолдаймын. Мәдениет пен өнер саласының дамуы, шығармашылық тұлғалардың еркін еңбектенуі – экономикалық тұрақтылықпен тікелей байланысты. Ал әділетсіз салық жүйесі бизнестің дамуына ғана емес, жалпы қоғамның әл-ауқатына да кері әсерін тигізеді.
Салық саясаты ашық, түсінікті және әділетті болуы тиіс. Шығармашылық саласының өкілдері, кәсіпкерлер мен еңбек адамдары заң алдындағы теңдікке ие болғанда ғана, біз тұрақты әрі гүлденген мемлекет құра аламыз.
Мемлекет қолға алған реформалар адал еңбек етіп жүрген әр азаматтың мүддесін қорғап, экономиканың өркендеуіне ықпал етеді деп сенемін.
ҚР Мәдениет қайраткері,
Алматы облысы және Іле ауданының Құрметті азаматы
Т.Кененқызы