Без рубрики

БПҰ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалы «Іле аудандық орталық ауруханасы» бастауыш партия ұйымы жиналысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе, 18 топтық ұйымнан 968 партия мүшесінен құралған «Іле аудандық орталық ауруханасы» бастауыш партия ұйымына төраға сайлау.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, «Іле аудандық орталық ауруханасы» БПҰ төрағалығына, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің ұсынысымен, Іле аудандық аурухана директоры, 2004 жылдан бері партия мүшесі болып табылатын Солтанғазиев Айдар Асқарбекұлы ұсынылып, жиналысқа қатысқан партия мүшелері тарапынан дауысқа салынып, сайланды.
Аудандық партия филиалы төрағасы А.Сатибаев БПҰ-ның мақсаты – партияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия құрылымдарының арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету екендігін атап өтіп, алдағы уақытта партия иммиджін арттыруға үлес қосып, сапалы жұмыс жасауға шақырды.

«Іле аудандық орталық ауруханасы» БПҰ хатшысы Тлеумбетова Күнсая Бейсембайқызына, 15 жылдан астам денсаулық саласында еңбек етіп келе жатқан Айдар Әскербекұлы , «AMANAT» партиясының саясатын халық арасында кеңінен насихаттау, «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының аудан аумағында жасалып жатқан саяси-идеологиялық, мәдени-көпшілік жұмыстарына белсенді түрде атсалысып, халық үшін талмай қызмет жасауға шақырып, жұмыстарына табыс тіледі.
#AMANAT
#2025

Басқа жаңалықтар

Back to top button