«Мектеп тар, жол нашар»: Алматы облыстықмәслихатының төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалыныңтөрағасы Қуат Байғоджаев облыстық қоғамдыққабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға жазылған тұрғындар білім, инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер және заңсыз айыппұлдарғақатысты шағымдарын жеткізді.
Қабылдауға келген Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Саят Дайымбаев ауылдағы мектептің ескіргенін және жаңа оқуорнына қажеттілік туындағанын айтты.
«Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп 1975 жылысалынған. Бүгінде онда 1300 бала білім алуда, ал мектептің жобалық қуаты – 640 орын ғана. Бұлмектеп әуел баста 640 оқушыға есептеліп салынған. Қазір мұнда екі еседен көп бала оқып жатыр. Сыныптар тым тар, білім сапасына кері әсер етеді. Халық саны жыл санап өсіп жатыр, демек оқушыларсаны да көбейе береді. Сондықтан жаңа мектеп салу мәселесін шешіп беруіңізді сұраймыз», – деді тұрғын.
Бұл мәселеге қатысты жауапты мекемелердің өкілдеріТескенсу ауылына жаңа мектеп салу жоспарда жоқ екенінайтты. Алайда, Ж.Жабаев атындағы мектепке күрделіжөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіпжатқанын, сараптамадан өткен соң жөндеу жұмыстарынақаржы бөлу қарастырылатынын хабарлады.
Тұрғындар көтерген білім саласындағы мәселе ғана емес, инфрақұрылымға қатысты да өтініштер аз болған жоқ. Қонаев қаласынан келген «Қапшағай самға» мүгедектерқоғамдық бірлестігінің өкілі Марат Абдулдаев мүмкіндігішектеулі азаматтар үшін арнайы демалыс аймағыныңсақталуын сұрады.
«2018 жылдан бері біздің ұйым арнайы демалыс орнынұстап отыр. Біз өз қаражатымызға жазғы асүй, сәкілер орнаттық. Бұл жер мүмкіндігі шектеуліазаматтарға арналған арнайы орын ретіндеқалыптасқан. Олар мұнда келіп, демалады, тынығады. Енді бұл нысандарды алып тастау туралы талапқойылып отыр. Егер біздің осыған дейін салғаннысандарымызды сүріп тастайтын болса, мүгедектігібар жандар қайда барады? Бізден басқа балама орынқарастыруды сұраймыз», – деді ол.
Бұл мәселеге жауапты мамандар жер учаскесінің «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қарауындаекенін айтты. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жағажай аумағында қайта құру жұмыстарыжүргізілетіндіктен, аумақты босату қажеттігі түсіндірілді.
Қабылдауда көтерілген тағы бір мәселе – жолдың сапасы. Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылының тұрғыны БейбітЕсімбеков «Аққайнар-Үңгіртас» автомобиль жолыныңжөндеуін тездетуді сұрады. Оның айтуынша, жауын-шашын кезінде жолдың сапасы күрт нашарлайды, ал қысмезгілінде көлікпен жүру мүмкін болмай қалады.
Жауапты мекеме өкілдерінің мәліметінше, аталған жолдыжөндеу үшін 20,9 шақырымға техникалық құжаттамаәзірленіп, жоба құны 1,3 млрд теңге болып белгіленген. Қазір бюджет қаражатын бөлу мәселесі қарастырылыпжатыр. Егер қаржы бөлінсе, жөндеу жұмыстары биылбасталуы мүмкін.
Кәсіпкерлер де қабылдауда өз мәселелерін көтерді. Талғарауданынан келген Малик Кенжегарин мен ЖанарАлибекова дүкендеріне заңсыз айыппұл салынғанынмәлімдеді. Олардың айтуынша, дүкен толық заңдықұжаттармен жұмыс істеп келген.
«Біздің дүкеніміздің барлық құжаты бар. Біз осы кәсіпті заң аясында жүргізіп келеміз. Бірақ 2024 жылдың желтоқсанында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы дүкенге қатысты заңсызтексеру жүргізіп, үлкен көлемде айыппұл салды. Бұл – әділетсіз шешім. Біз барлық қажетті рұқсатқұжаттарын рәсімдегенбіз, дүкен заңды түрдесалынды. Егер заңсыздық орын алса, неге бізге бірнешежылдан кейін ғана айыппұл салынып отыр?», – депнаразылық білдірді кәсіпкерлер.
Алайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасытарапынан жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Мәселенің мән-жайын анықтаған жауапты орган өкілдері кәсіпкерлердіңдүкенді 2018-2019 жылдары тиісті рұқсат құжаттарынсызсалғанын алға тартты. Құрылысқа қажетті эскиздік жоба, сәулет-жоспарлау тапсырмасы болмағандықтан, сот шешімімен айыппұл салынған. Кәсіпкерлер бұл шешімменкеліспейтінін айтып, заң аясында қайта қарауды талап етті.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелерге тиістіоргандар тарапынан жауап беріліп, кейбір сұрақтар солжерде шешімін тапты. Облыстық мәслихат төрағасы ҚуатБайғоджаев азаматтардың әрбір өтініші бақылаудаболатынын атап өтті.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалынатұрғындар egov порталы, e-otinish бірыңғай базасынемесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш беру арқылықабылдауға жазыла алады. Әрбір өтініш мұқиятқаралып, заң аясында шешу жолдарықарастырылады», – деді Қуат Байғоджаев.
Айта кетейік, мұндай қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Өңір тұрғындары көтерген бастымәселелердің басым бөлігі білім беру мекемелерініңжағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту жәнекәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауға бағытталған.