Жаңа Қазақстанда кәсіподақ қозғалысы жаңа сипат алып жаңғыруы, тың күшке ие болуы керек Жасыратыны жоқ көптеген жылдар бойына кәсіподақ қозғалысы өз құзіреті шеңберінде берілген мол мүмкіндіктерді іс жүзінде іске асыра алмай, тасада қалғаны ақиқат. Әрине бұл деген сөз осы уақытқа дейін істелген жұмыстарды жоққа шығару не біржақты қаралау деген сөз емес. Тұтас мемлекеттік деңгейде кәсіподаққа тұсау салынып, тежеп отыруы, өрісін тарылтып, қанатын жайдырмағаны рас. Сол жылдары сөздік қорымызға «қалталы парламент» (карманный парламент) деген ұғым енгені бар, кәсіподақтың да биліктің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болғаны анық. Қазіргі таңда Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан саясатында бұл жылдар бойына сіресіп, қалыптасып қалған үрдіс түбегейлі өзгеріскке ұшырауы керек. Биліктің, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, кәсіпорын басшыларының кәсіподақ қозғалысы туралы санасын, түсінігін, қабылдауын өзгертетін уақыт туды. Неге десеңіз, әлі күнге дейін жұмыс берушілер тарапынан кәсіподаққа тең құқылы әлеуметтік әріптес мәртебесінде емес, басшының сөзінен шықпайтын, басшылықтың ұстанымын екі етпей орындайтын, тек мәдени-әлеуметтік шараларды ұйымдастырып, қызмет етіп жүретін сектор деп қарайтыны, сол тұрпаттан, шеңберден шығарғысы келмейтіні көзге көрінеді. Мекеме басшыларының мекемеге қатысты шаруалардың бәрін өзім ғана шешемін дейтін өзім би, өзім хан дейтін стереотиптері қалыптасқаны жасырын емес. Бұл қалыптасқан стереотиптерді қалай өзгертуге болады? Ол үшін кәсіподақ қозғалысы не істеуі керек? Бұл стереотипті өзгертуге кәсіподақтың қолданыстағы заңнамалары арқылы өзгертуге толық мүмкіндігі бар, тек сол заңнамаларды жұмыс істете білу қажет. Кәсіподақ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, «Кәсіптік одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы заңына, Кәсіподақ Жарғысына, еңбек құқықтары мен мүдделеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы Салалық Келісімді негізге ала отырып жүзеге атқарады. Кәсiптiк одақтардың құқықтарына сай бастауыш кәсіподақ ұйымы: мемлекеттiк және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлермен және олардың бiрлестiктерiмен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен сотқа талап қою, медиация жүргізу кезінде, сотта, төрелікте немесе аралық сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң консультацияларын және құқылық көмек көрсететiн басқа да қызметтер құру, және еңбек дауларын қарау және заңдарға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысып, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасады. Кәсіподақ қызметінің негізгі мақсаты – еңбек туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу, кәсіподақ мүшелерінің өмірлік деңгейін тұрақты арттыру, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қатаң сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен лайықты жалақыны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қабылдау және іске асыру. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған 2019 жылдың 1 маусымынан бастап, 5 жыл қатарынан денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысының 30% өсуін қамтамасыз етуі де, Үкіметпен бірге салалық кәсіподақтың жемісі деп айтуға толық негіз бар. Медицина қызметкерлерінің жалақысының өсуіне қатысты мәселеде Салалық келісімге қол жеткізіп, оның негізінде өңірлік салалық келісім жасалып, кәсіпорында жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында Қосымша келісімдер жасалып, ұжым қызметкерлерінің жалақысы шын жүзінде өсті. Ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайлары едәуір жақсарды. Медицина қызметкерлерімен қатар, денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын өзге де мамандық иелерінің жалақысы да 2020-2025 жылдар аралығында тұрақты өсіп келеді. Салалық келісімге жасалған қосымша келісімдер арқылы медицина қызметкерлерінің біліктілік санаттары бойынша үстемақылары да үздіксіз төленді. Біздің мекеме мүшесі болып табылатын «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы 2024-2029 жылдарға арналған қызмет бағдарламасын қабылдағанын айтып өтуіміз керек. Бұл бағдарлама жоғарыда көзделген мақсаттарды шешуде мемлекеттік басқару органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жақсарту, сала қызметкерлерінің конституциялық құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде кәсіподақ органдарының рөлі мен беделін арттыруға бағытталған. Бағдарламаның бірінші бөлімі демократияны, теңдікті, құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етуге негізделген. Бұл деген сөз азаматтардың негізгі конституциялық құқықтарына, азаматтарға берілген халықаралық адам құқықтарына, сөз бостандығы, тең құқықтар мен мүмкіндіктерге, халықаралық еңбек ұйымдары, халықаралық кәсіподақ ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктерінің аясында қызмет атқарады деген сөз. Бағдарламаның екінші бөлімі кәсіподақтың құқық қорғау жұмысы, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Күшті, тәуелсіз және инклюзивті кәсіподақтар демократияны, заңның үстемдігін, кемсітпеушілікті, гендерлік теңдікті, әлеуметтік және экономикалық әділеттілікті қорғау және нығайту, бейбіт, тұрақты, әділетті және тең құқықты қоғам құру үшін қажет. Әділетті Қазақстанды орнатамыз десек, мемлекеттегі негізгі институттармен қатар, кәсіподақ қозғалыстарының кең қанат жаюына мүмкіндік берілуі керек. Ал кәсіподақтар ұстанымы «AQNIET» кәсіподағының қағидаттарымен үндесіп, бірлікте жұмыс атқарылса, қоғамды ілгерілетуге қадамдар жасалады. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауда атқарылатын жұмыстар аз емес. Жеке және ұжымдық еңбек дауларында жазбаша өтінішпен жүгінген жағдайда, еңбек заңнамаларында белгіленген тәртіппен жұмыс істейді. Келісу, Бітімгерлік комиссиялары, Еңбек төрелігі талқылауларында заңдылықтың орын алуына бақылау жасайды. Жұмыс берушілер тарапынан жұмыскерлердің құқықтарын бұзуы, әдеп нормаларын сақтамауы, жұмыскерлермен қарым-қатынаста ар-намысына тию, кемсіту, қорқыту, қысым жасаудың алдын алу, болдырмау мақсатында кәсіподақ жұмыскерлердің конституциялық құқықтарын, азаматтарға Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан берілген адам құқықтары талаптарын негізге алады. Кәсіподақ адам құқықтары және демократиялық талаптардың сақталуына, жұмыс берушілердің билікті не лауазымдық уәкілеттіктерді асыра пайдаланбауына, абьюзерліктен аулақ болуға үндейді. Осы тұрғыда гендерлік теңдікті, гендерлік құқықты қамтамасыз ету мақсатында кәсіподақ жанынан «Жұмысшы әйелдер ісі жөніндегі комиссия» құрылып, жұмыс жасауда. Кәсіподақ қозғалысының тағы да бір сүрлеулі бағыты ол – еңбекті және денсаулықты қорғау. Кәсіподақ мүшелерінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету. Бұл бағыт Еңбек кодексінде, еңбекті қорғау туралы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарға сай жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жазатайым жағдайлардың алдын алу, қызметкерлер мен олардың балаларының демалысын, санаторлық-курорттық емін ұйымдастыру, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт шараларын ұйымдастыру жақсы жолға қойылуы керек. Осы ретте Облыстық балалар клиникалық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан 2024 жылы 67 кәсіподақ мүшесі сауықтырудан өтті. Алдағы уақытта да кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын жақсарту мақсатында санаторлық-курорттық емін ұйымдастыру, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт шараларын ұйымдастыруға басымдық берілетін болады. Сондай-ақ кәсіподақ тарапынан кәсіподақ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын түрлі оқыту семинарларына, конференциялар, форумдарға ұжым белсенділері тұрақты түрде қатысып отырады. Оң халықаралық тәжірибелерді зерделеу және тарату үшін халықаралық байланыстар аясында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қытай Халық Республикасында ұйымдастырылған халықаралық тәжірибе алмасу семинарына қатысты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Әділеті Қазақстан стратегиясы кәсіподақ қозғалысының мақсаты, бағыт-бағдарымен толықтай үндеседі. Мәселе осы мақсаттың шынайы өмірде, әрбір кәсіпорында орындалуы, орнығуында. Әділдік, адалдық, теңдік, заң мен тәртіп қағидаттары кәсіподақ заңнамалары мен жарғыларының негізгі өзегі. Әділетті Қазақстанның кең тыныс алып орнауы үшін — кәсіподақ органдарының жаңа бағыты мен тынысының тұншықтырылмауы, қанат жаюы, әлеуметтік әріптестікте тиесілі орны мен құрметін алуы керек. Ноябрь Кенжеғараев, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы

Жасыратыны жоқ көптеген жылдар бойына кәсіподақ қозғалысы өз құзіреті шеңберінде берілген мол мүмкіндіктерді іс жүзінде іске асыра алмай, тасада қалғаны ақиқат. Әрине бұл деген сөз осы уақытқа дейін істелген жұмыстарды жоққа шығару не біржақты қаралау деген сөз емес. Тұтас мемлекеттік деңгейде кәсіподаққа тұсау салынып, тежеп отыруы, өрісін тарылтып, қанатын жайдырмағаны рас. Сол жылдары сөздік қорымызға «қалталы парламент» (карманный парламент) деген ұғым енгені бар, кәсіподақтың да биліктің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болғаны анық.
Қазіргі таңда Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан саясатында бұл жылдар бойына сіресіп, қалыптасып қалған үрдіс түбегейлі өзгеріскке ұшырауы керек. Биліктің, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, кәсіпорын басшыларының кәсіподақ қозғалысы туралы санасын, түсінігін, қабылдауын өзгертетін уақыт туды. Неге десеңіз, әлі күнге дейін жұмыс берушілер тарапынан кәсіподаққа тең құқылы әлеуметтік әріптес мәртебесінде емес, басшының сөзінен шықпайтын, басшылықтың ұстанымын екі етпей орындайтын, тек мәдени-әлеуметтік шараларды ұйымдастырып, қызмет етіп жүретін сектор деп қарайтыны, сол тұрпаттан, шеңберден шығарғысы келмейтіні көзге көрінеді.
Мекеме басшыларының мекемеге қатысты шаруалардың бәрін өзім ғана шешемін дейтін өзім би, өзім хан дейтін стереотиптері қалыптасқаны жасырын емес. Бұл қалыптасқан стереотиптерді қалай өзгертуге болады? Ол үшін кәсіподақ қозғалысы не істеуі керек? Бұл стереотипті өзгертуге кәсіподақтың қолданыстағы заңнамалары арқылы өзгертуге толық мүмкіндігі бар, тек сол заңнамаларды жұмыс істете білу қажет. Кәсіподақ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, «Кәсіптік одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы заңына, Кәсіподақ Жарғысына, еңбек құқықтары мен мүдделеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы Салалық Келісімді негізге ала отырып жүзеге атқарады.
Кәсiптiк одақтардың құқықтарына сай бастауыш кәсіподақ ұйымы: мемлекеттiк және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлермен және олардың бiрлестiктерiмен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен сотқа талап қою, медиация жүргізу кезінде, сотта, төрелікте немесе аралық сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң консультацияларын және құқылық көмек көрсететiн басқа да қызметтер құру, және еңбек дауларын қарау және заңдарға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысып, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасады. Кәсіподақ қызметінің негізгі мақсаты – еңбек туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу, кәсіподақ мүшелерінің өмірлік деңгейін тұрақты арттыру, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қатаң сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен лайықты жалақыны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қабылдау және іске асыру.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған 2019 жылдың 1 маусымынан бастап, 5 жыл қатарынан денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысының 30% өсуін қамтамасыз етуі де, Үкіметпен бірге салалық кәсіподақтың жемісі деп айтуға толық негіз бар. Медицина қызметкерлерінің жалақысының өсуіне қатысты мәселеде Салалық келісімге қол жеткізіп, оның негізінде өңірлік салалық келісім жасалып, кәсіпорында жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында Қосымша келісімдер жасалып, ұжым қызметкерлерінің жалақысы шын жүзінде өсті. Ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайлары едәуір жақсарды. Медицина қызметкерлерімен қатар, денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын өзге де мамандық иелерінің жалақысы да 2020-2025 жылдар аралығында тұрақты өсіп келеді. Салалық келісімге жасалған қосымша келісімдер арқылы медицина қызметкерлерінің біліктілік санаттары бойынша үстемақылары да үздіксіз төленді.
Біздің мекеме мүшесі болып табылатын «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы 2024-2029 жылдарға арналған қызмет бағдарламасын қабылдағанын айтып өтуіміз керек. Бұл бағдарлама жоғарыда көзделген мақсаттарды шешуде мемлекеттік басқару органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жақсарту, сала қызметкерлерінің конституциялық құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде кәсіподақ органдарының рөлі мен беделін арттыруға бағытталған. Бағдарламаның бірінші бөлімі демократияны, теңдікті, құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз етуге негізделген. Бұл деген сөз азаматтардың негізгі конституциялық құқықтарына, азаматтарға берілген халықаралық адам құқықтарына, сөз бостандығы, тең құқықтар мен мүмкіндіктерге, халықаралық еңбек ұйымдары, халықаралық кәсіподақ ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктерінің аясында қызмет атқарады деген сөз.
Бағдарламаның екінші бөлімі кәсіподақтың құқық қорғау жұмысы, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Күшті, тәуелсіз және инклюзивті кәсіподақтар демократияны, заңның үстемдігін, кемсітпеушілікті, гендерлік теңдікті, әлеуметтік және экономикалық әділеттілікті қорғау және нығайту, бейбіт, тұрақты, әділетті және тең құқықты қоғам құру үшін қажет. Әділетті Қазақстанды орнатамыз десек, мемлекеттегі негізгі институттармен қатар, кәсіподақ қозғалыстарының кең қанат жаюына мүмкіндік берілуі керек. Ал кәсіподақтар ұстанымы «AQNIET» кәсіподағының қағидаттарымен үндесіп, бірлікте жұмыс атқарылса, қоғамды ілгерілетуге қадамдар жасалады.
Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауда атқарылатын жұмыстар аз емес. Жеке және ұжымдық еңбек дауларында жазбаша өтінішпен жүгінген жағдайда, еңбек заңнамаларында белгіленген тәртіппен жұмыс істейді. Келісу, Бітімгерлік комиссиялары, Еңбек төрелігі талқылауларында заңдылықтың орын алуына бақылау жасайды. Жұмыс берушілер тарапынан жұмыскерлердің құқықтарын бұзуы, әдеп нормаларын сақтамауы, жұмыскерлермен қарым-қатынаста ар-намысына тию, кемсіту, қорқыту, қысым жасаудың алдын алу, болдырмау мақсатында кәсіподақ жұмыскерлердің конституциялық құқықтарын, азаматтарға Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан берілген адам құқықтары талаптарын негізге алады. Кәсіподақ адам құқықтары және демократиялық талаптардың сақталуына, жұмыс берушілердің билікті не лауазымдық уәкілеттіктерді асыра пайдаланбауына, абьюзерліктен аулақ болуға үндейді. Осы тұрғыда гендерлік теңдікті, гендерлік құқықты қамтамасыз ету мақсатында кәсіподақ жанынан «Жұмысшы әйелдер ісі жөніндегі комиссия» құрылып, жұмыс жасауда.
Кәсіподақ қозғалысының тағы да бір сүрлеулі бағыты ол – еңбекті және денсаулықты қорғау. Кәсіподақ мүшелерінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету. Бұл бағыт Еңбек кодексінде, еңбекті қорғау туралы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарға сай жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жазатайым жағдайлардың алдын алу, қызметкерлер мен олардың балаларының демалысын, санаторлық-курорттық емін ұйымдастыру, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт шараларын ұйымдастыру жақсы жолға қойылуы керек. Осы ретте Облыстық балалар клиникалық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан 2024 жылы 67 кәсіподақ мүшесі сауықтырудан өтті. Алдағы уақытта да кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын жақсарту мақсатында санаторлық-курорттық емін ұйымдастыру, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт шараларын ұйымдастыруға басымдық берілетін болады. Сондай-ақ кәсіподақ тарапынан кәсіподақ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын түрлі оқыту семинарларына, конференциялар, форумдарға ұжым белсенділері тұрақты түрде қатысып отырады. Оң халықаралық тәжірибелерді зерделеу және тарату үшін халықаралық байланыстар аясында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қытай Халық Республикасында ұйымдастырылған халықаралық тәжірибе алмасу семинарына қатысты.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Әділеті Қазақстан стратегиясы кәсіподақ қозғалысының мақсаты, бағыт-бағдарымен толықтай үндеседі. Мәселе осы мақсаттың шынайы өмірде, әрбір кәсіпорында орындалуы, орнығуында. Әділдік, адалдық, теңдік, заң мен тәртіп қағидаттары кәсіподақ заңнамалары мен жарғыларының негізгі өзегі. Әділетті Қазақстанның кең тыныс алып орнауы үшін — кәсіподақ органдарының жаңа бағыты мен тынысының тұншықтырылмауы, қанат жаюы, әлеуметтік әріптестікте тиесілі орны мен құрметін алуы керек.
Ноябрь Кенжеғараев,
Алматы облысы денсаулық сақтау
басқармасының «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК бастауыш кәсіподақ
ұйымының төрағасы