АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ САПАСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Қонаев қаласында Алматы облысы әкімінің орынбасары – Масабаев Әсет Дүйсебекұлының төрағалығымен «Облыс аумағындағы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары салалары бойынша 2025 жылға арналған жоспар» бойынша кеңес өтті.
Аталған кеңеске аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшылары, республикалық ұлттық компания («ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ) директорының орынбасары, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы облысы бойынша филиалының директоры және Алматы облысының мәслихат депутаттары қатысты.
Кеңесте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы облыстық филиалының директоры Куштаев Ерболат Серікұлы 2024 жылы респбуликалық және жергілікті желі жолдарының сапа сараптамасы бойынша атқарылған жұмыстар және құрылыс барысында жіберілген кемшіліктер мен оларды жою маңыздылығы жөнінде мағлұмат берді.
Сонымен биылғы құрылыс маусымының басталуына байланысты сапа мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, оны жеке бақылауға алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.