Алматы облысының жаңалықтары

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бірлік пен келісімнің маңызды кезеңі

15 сәуір күні Қонаев қаласында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Жиын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.

Кеңесті облыстық Ассамблея төрағасы Марат Сұлтанғазиев ашып, Ассамблеяның ел бірлігі мен татулықты нығайтудағы рөлін атап өтті.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:

1. Қоғамдық орынбасарларды сайлау: Гейдаров Гамзе Бадриевич пен Амангелді Беспаев бірауыздан қоғамдық орынбасарлар болып сайланды.
2. Жаңа мүшелерді қабылдау
3. Марапаттау рәсімі: 35 Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне Ассамблея куәлігі мен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі табысталды.

Сөз алған қоғам қайраткері Асылы Осман мен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов Ассамблеяның ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы үлесін ерекше атап өтті.

Жиын соңында қатысушыларға алғыс айтылып, Ассамблея жұмысының маңыздылығы тағы да баса айтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button