Без рубрики

Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясы: Тұрақтылық пен бірліктің жаңа кезеңі

Астана төрінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болды. “Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы” тақырыбымен өткен бұл жиын – ел Тәуелсіздігінің жетістіктерін саралап, болашаққа бағытталған тың бастамаларды ұсынған маңызды алаңға айналды.

Сессия барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі – еліміздегі этносаралық татулық пен әлеуметтік тұрақтылықтың мән-маңызын айқын көрсетті. Президенттің “біздің байлығымыз – бірлікте” деген сөздері қоғамның әрбір мүшесіне арналған үндеу іспетті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікті нығайту, қазақ тілінің рөлін арттыру, сондай-ақ жастар арасындағы толеранттылық пен патриотизмді тәрбиелеу мәселелеріне ерекше тоқталды.

Сессияда айтылған бастамалардың ішінде Ассамблеяның жаңа форматтағы қоғамдық келісім кеңестері арқылы өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуы – қоғам мен билік арасындағы диалогты тереңдетудің нақты көрінісі болды.

Журналист ретінде айтарым – ҚХА сессиясы тек формалды жиын емес, ол – елдің әлеуметтік-мәдени дамуына ықпал ететін стратегиялық институттың диалог алаңы. Этностардың мәдени мұрасын сақтау, ортақ құндылықтарды дәріптеу және біріктіретін идеяларды ілгерілету – бұл Ассамблея жұмысының өзегі. Осындай жиындар – еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі берік іргетас.

 

Карима Мейрамбеккызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button