
Құрметті Байсерке ауылының тұрғындары!
Бүгін Бейбітшілік көшесінде антитеррорлық сипаттағы командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары өтуде. Осыған байланысты №28 орта мектеп ғимараты уақытша жабылып, аталған аймаққа кіруге уақытша шектеулер енгізілді.
Қауіпсіздігіңіз үшін сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындауыңызды өтінеміз.
Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін рақмет!