ЖАРАҚАТ БӨЛІМІНІҢ БІЛІКТІ МАМАНЫ

Іле аудандық оралық аурухананың жарақат бөлімінің жұмысы қауырт. Қазіргі уақытта жарақат бөліміне автокөлік, жаз айында элетроскутер, мопед жүрізушілері көбірек түседі екен. 18 маусым Медицина қызмткерлерІ күніне орай, осынау қиындығы бір төбе жарақат бөлімінің басшысы Серік Мағауия ұлымен танысуға мүмкіндік болып, бір-екі ауыз сөз сұхбат жүргіздік. Өз өмірінен өзгенің өмірін басты мақсатына, мүддесіне айналырған дәрігердің уақыты да тығыз. Әсем Алматы қаласында 1984 жылы дүниеге келіп, орта білімді сәтті аяқтағаннан кейін 2003 жылы қаладағы Қазақ ұлттық Асфендияров атындағы медициналық университетінің хирургия бөлімінде оқиды. Екі жылғы резентура оқуын санағанда 9 жыл оқуынан кейін 2013 жжылы Іле аудандық орталық аурухананың хирургия бөліміне жас маман болып орын аласады. Екі жылдан кейін травматология бөлімін басқарады. Күндіз-түні ажал аузындағы адамдарды аман алып қалуға барын салуда. Денсаулық сақтау саласындаға тәжірибиесі жиырма жылға жуықтап қалыпты. Сағижанов Серік Мағауияұлы өнегелі әке, сүйікті жар және адал дос, білікті әріптес маман бола білген жан. Бас дәрігердің бұл бөлімге Серік Мағауияұлын басшы етіп тағайындайтындай жөні бар, себебі мұнда көбіне күрделі жағдайдағы науқастар түсетін, ал оларды дертінен айықтыруға жұмыс жасайтын мамандар бойында бірінші кезекте біліктілік пен жауапкершілік болуы керек. Бүгінгі сұхбатта оның бойында бұл қос қасиеттің барын оңай аңғардық. Сөзі нық, жұмысы жүйелі, арнайы отырып сұхбат беруден де бас тартты, қарсы болатындай реті бар, себебі хирург тағайындаған күнделікті жұмысын жасайтын уақыт еді. Бөлімдегі науқастардың бірінің жарақатына қараса, енді біріне кеңес беруде. «Дәрігердің сөзі де шипа» деген нақылдың мағынасына дәрігер мен науқастар арасындағы диалог барысында тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Өзінің мамандығына деген сүйіспеншілігі, табандылығы Серікті облыс көлеміндегі үздік һәм жауапкершілігімен дараланған дәрігер ретінде танытты.
Кейіпкеріміз Іле тұрғындарының денсаулығын күзетуде уақытпен санаспай еңбек ететін абзал жандардың бірі де бірегейі. Оның жұмысы таңғы сағат 7:30-да палатадағы науқастардың денсаулығын сұрап, ауыр жарақаттанғандардың жарақат деңгейін бағдап, жаңа науқастарды қабылдаудан басталады. Содан кешкі 20:00-ге дейінгі уақыты мұндағы науқастарға ем-дом жүргізумен өтеді. Кейде күрделі оталар жасайды, кейде деймін-ау сағат сайынғы науқастар бір күнде көптеп түсіп жатса, оның уақытпен санаспауына тура келеді, алайда антына адал жан «менің уақытым таңнан кешке дейін» деп бұлданып көрмепті. Керісінше «Дәрігер қай уақытта да қиын жағдайға дайын болуы керек» дейді ол.
– Иә, дәрігер расында қай уақытта да қиын жағдайға дайын болуы керек. Себебі біз тікелей адамдардың денсаулығына жұмыс жасаймыз. «Хирургия» оның ішінде осы жарақат бөліміне қандай науқастар түсетінін айтпаса да жақсы білесіздер, біз оларды тексеріп, ем-дом жүргіземіз, күрделі жағдайы көп болғандықтан науқастарды отаға дайындаймыз. Бастысы, жасап жатқан еңбегіміз еш кеткен кездер болған жоқ. Барынша тұрғындардың денсаулығын күзетуге тырысамыз және бұл бағыттағы жұмысымыз өз жемісін беруде. Біз үшін науқастың дертінен айыққанын көруден бақыт жоқ. Қаазіргі кезде аяғы сынған әсіресе егде жастағы азаматтарды гипстен жатқызып қоймаймыз. Заманауи жабық остиосинтез құрылғысы арқылы емдейміз. Яғни, бұрыңғыдай ипстеп жатқызы сүйектің бітуін күтпейміз. Ертесінде адам жүре бастайды. Науқастың ем-домын алып, отбасына аман-есен оралғанын көргенде өзіміздің еңбегімізге марқайып қаламыз, мен үшін одан артық бақыт жоқ, адамдардың бізге жаудырған алғысы бойдағы жауапкершілікті еселейді, – дейді.
Айта кетейік Жабық остеосинтез-сүйек сынықтарын емдеу үшін травматология мен ортопедияда қолданылатын хирургиялық операция. Бұл әдіс сынған сүйекті сүйекке тікелей бекітілген арнайы металл тақтайшалармен, бұрандалармен және бұрандалармен нығайтуға мүмкіндік береді. Жабық остеосинтез-терінің және жұмсақ тіндердің кесілуінсіз орындалатын сүйек сынықтарын емдеудің инвазивті әдісі.
Кейіпкеріміз жайында толығырақ білу үшін әріптестерін де, ондағы науқастарды да әңгімеге тарттық, бәрінің айтатыны бір сөз. Абзал жандар оның бойындағы жауапкершілігін, науқастарға жанашырлығын тілге тиек етсе, ем алушылар оның қолы жеңіл деп мақтай кетті. Кез келген адамның артынан мұндай жақсы әңгіме ермейді, елдің берген бағасы оның абыройын арттырады, жұмысына шабыт береді, өзі де жоғары бағаға лайық еді.
Қазір Серік Мағауияұлының жетістігін газеттің бір парақшасымен айтып тауысу мүмкін емес, аудан әкімінің, «Amanat» партиясының бірнеше рет алғыс хатымен, құттықтауымен марапатталған.
Көбіне мұнда жол апатынан зардап шеккендер жеткізіледі екен. Антына адал абзал жандар олардың тәулік бойы денсаулығын күзетіп, дертінен айықтырады, бұл бағыттағы ұжымның ісі нық, жұмысы жүйелі.
Серік Мағауияұлы көпбалалы әке санатына жатады. Төрт білдіршіні бар. Жолдасы Сағижанова Айжан Алтынбекқызы фармацевт шаңырағының берекесін кіргізіп, ұл-қыздарының тәрбиесімен айналысуда. Кейіпкеріміз жұмыстағы дүниені тек сол жақта атқарамын, ал үйде әкемін, сүйікті жармын отбасымызбен саяхаттап, серуенмен өткіземіз деді. Бізде ақ желеңді абзал жан Серік бауырымыздың жұмысына сәттілік, отбасыа мол бақыт, береке тілеп қоштастық.
Бағдат ШОЙБАС