Чапаев ауылдық округі
БАЙКЕНТ: ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА

2025 жылы 17 маусымда іле ауданы Байкент ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалып, аталған жауапты қызметке Асхат Нсіпбайұлы екінші мерзіміне сайланды. Біз екінші мерізімге сайланған Асхат Нүсіпбайұлының өткен жылғы атқарған жұмыстарын зерделеп өздеріңізге ұсынып отырмыз.
Байкент ауылдық округі, округ орталығы болып саналатын Байкент ауылы мен 4 саяжайдан құралады . Округте тұрғындар саны 11 500 адамды құрайды, жалпы жер көлемі 3988 гектар, оның ішінде ауылдың жер көлемі-579 гектар.
Округте 113 кәсіпкерлік объектісі бар. Шағын және орта бизнеспен айналысамын дегендерге қашанда әкімшіліктің есігі айқара ашық. Мысалы округте 71 дүкен, 2 жанармай бекеті, 6 тамақтану пункттері, 8 шаштараз, 1 теле-радио жөндеу шеберханасы, 6 дәріхана, 2 вулканизация, 3 техника жөндеу орталығы, 3 жеке стоматолог, 2 нотариус, 1 тренажер залы, 1 мұз айдыны, 5 автомобиль жуу пункттері, 1 металлдан жасалған бұйымдар шығаратын цех жұмыс жасап тұр.
Округ кәсіпкерлері тарапынан Аяжан, Достық, Максат сауда орындары және техника жөндеу орталығы, асхана, қоғамдық монша, металлдан жасалған бұйымдар шығаратын цех, шығыс медицина орталығы сонымен қатар жекеменшік бастауыш мектебі ашылып, барлығы 1 млрд.жуық инвестиция тартылып, 120 жаңа жұмыс орны құрылды.
Жылдық салығы 180 027 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша e-lisenze ақпараттық жүйесіне 67 өтініш қабылданып, Іле ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі мен жер қатынастары бөлімдеріне уақытылы жолданған. Жеке және заңды тұлғалардан түскен 143 өтініштер қабылданып, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне және Documentolog электронды құжат айналымы базаларына мерзімінде есепке алынып тіркелді, уақтылы жауап берілді және 100% орындалды. Мерзімі ұзартылып немесе мерзімі бұзылып қаралған өтініштер болған жоқ. 11 көп балалы аналардың өтініштері мен құжаттары қабылданып, ҚР мемлекеттік наградасы «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқасымен марапатталды.
Округ әкімінің негізгі қызмет бойынша 186 өкімдерінің, 5 шешімдерінің жобалары дайындалып, сонымен қатар, жеке құрам мен қосалқы құрам бойынша 45 өкімдердің жобалары дайындалған.
Ауыл шаруашылығы округтің негізгі бағыттарының бірі, қазіргі уақытта округте 23 шаруа қожалығы бар. Шаруашылықтардың негізгі қызметі — мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Округте құс етін өндіретін 4 кәсіпорын, сонымен қатар 1 сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорны орналасқан. Олар: «Алатау Құс» акционерлік қоғамы, «Aлель-Aгро» акционерлік қоғамының филиалы, «Сарыбұлақ», «Qaz-Ak-Kus» және «АзияЭлитФудГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Су үнемдеу технологиясын пайдалану бойынша «Отарбаев» -67 га және «Сулпар» -29 га шаруа қожалықтары тамшылатып «Irritech DYP 8120-384» құрылғысын орнату жоспарлануда, қазіргі таңда құрылғы орнататын мердігермен келісім шарт жасалған, алдағы уақытта орнату жоспары жүргізілетін болады. Сонымен қатар қосымша ШҚ «Отарбаев» өз қаражатына 40 га жерді қамтитын тамшылатып суару жүйесін орнатып пайдалануда.
Байкент ауылдық округі тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру аясында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға жеңілдетілген 2,5 пайыз несиеге алды, оның ішінде: жеке кәсіпікерлер «Садуақасова» оқушыларды тасымалдау үшін автобус, жеке кәсіпкер «Алпысбаева» — кілем, палас жуатын құрылғы, ЖК«Жаға» — Көктем саяжайында сәндік бұйымдар және еуроқоршаулар, балалар ойын алаңдары цехы, жеке кәсіпкер «Хожамкулов» — металлды сайдинг және металлдан жасалған бұйымдар шығаратын цех, жоспар бойынша 30 жұмыс орын ашылған. Бағдарламаны жүзеге асыру округ тұрғындарының жағдайын жақсартуға көп септігін тигізуде.
Денсаулық сақтау бойыншада жақсы жолға қойылған. Ауыл тұрғындарына «Ново Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәрігерлік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар күндізгі стационар, физио ем, массаж, ЛФК, УЗИ, ЭКГ, хирург, рентген, жара таңу бөлмесі және оңалту дәрігері жұмыс жасайды. Дәрігерлік амбулаторияда күндізгі стационар жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер «Салаумаддин» округтен шығыс медицина емханасын ашып, қазіргі таңда тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде. Округте 2 орта мектеп, 1 жекеменшік мектеп, сонымен қатар 11 балабақша бар. Оның ішінде: 1 мемлекеттік және 10 жекеменшік балабақшалары жұмыс жасайды, барлығы 965 бала қамтылған. Округте жеке меншік «Тошкен-Тургат Сейсекенов» атындағы мектеп бар қазіргі таңда 70 бала оқиды. Барлық білім мекемелері талаптарға сәйкес жұмыстар атқаруда, материалдық –техникалық жағдай жасалған, қажетті құрал жабдықтармен жабдықталған. Округ бойынша мектеп жасындағы балалар жалпы біліммен қамтамасыз етілген.
Іле аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен көше жарықтандыру бойынша «Ауылым ел бесігі» бағдарламасы аясында округке қарасты ауыл шетіндегі айналма (объездная) жолы, «Виктория», «Дружба» саяжайларының кірме жолдарына және «Черемушки» саяжайының электр желілерімен бағаналары ауыстырылып, саяжайдың кірме жолдарымен барлық аумақтарына 123 дана көше жарықтарымен 2 дана трансформатор орнатылды. Сонымен қатар 1,2 ы/аудандармен 21 көшеге, жалпы ұзындығы 18 шақырымда құрайтын, 659 дана жарық бағаналарымен LED шамдары орнатылды. «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бойынша 18 518 196 теңге бөлініп, көше жарығына электр энергиясын жеткізу және желілерге қызмет көрсету жұмыстары және Сарыарқа, М.Ғабдуллин, Іле көшелеріне жалпы ұзындығы 1200 м. құрайтын жарық шамдары орнатылды. Қазіргі таңда округ қарасты аумақтардың 95 пайызы көше жарықтарымен қамтылған. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша 4 560 000 теңге қаражат бөлініп, оның ішінде санитарлық тазалау, қоқыс шығару, жабайы қоқыс қалдықтарын шығару жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бойынша 10 885 000 теңге қаражат бөлінді, оның ішінде атқарылған жұмыстар округ аумағын күтіп баптауға, талдарды кесу, ақтау, балалар алаңын тазартып, сырлау, жұмыстары жасалып, Доскеев және 2 ы/аудандарына Street Workout спорттық құрылғылар мен балалар ойын алаңы және қоқыс алаңдары орнатылды. Сонымен қатар Гагарина көшесінде орналасқан спорттық алаңға волейбол ойын алаңы орнатылды және ойын алаңдарымен воркаут алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Іле аудандық көлік және жолдар бөлімімен «Ауылым ел бесігі» бағдарламасы аясында Алтын дән, Жастар, Ақниет, Сары арқа, Маусым, Абай көшелердің ағымдағы жөндеу жұмыстары, ал маршруттық тәсілмен: Тәуелсіздік, Ескелді би, Ынтымақ, «Виктория» ББСТК, Жұмбақтас көшелерінің жолдары жасалды, ұзындығы 6 шақырымды құрайды.
— Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 6 943 750 теңге бөлініп, Құлагер көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
— Сонымен қатар, «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша ағымдағы жол жөндеу жұмыстарына 16 775 000 теңге бөлінді: Қабанбай батыр, Алтай, Болашақ, Абай, Жібек жолы-Жолбарысты қилысы көшелерінің ағымдағы жол жөндеу жұмыстарымен Самал көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бойынша 17 863 800 теңге бөлініп, округтің су құбырларының жүйесіне 20-дана ысырма (задвижка) орнатылды. Сонымен қатар Болашақ, Абай, Самал, Илийский көшелеріндегі су желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары және 3 ы/ауданның кәріз желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Өз тілшіміз