Алматы облысының жаңалықтарыКеген келбетіҚоғам

Алматы облысында республикалық жолдарды жөндеу қарқынды жүріп жатыр

2025 жылы Алматы облысында республикалық маңызы бар автожолдарды орташа жөндеуге бағытталған 10 жоба жүзеге асып жатыр. Оның аясында 247 шақырым қамтылады. Аталғандардың 9-ы – жол жөндеуге, біреуі – су өткізу құбырын ауыстыруға бағытталған. Жұмыстар облыстың бірнеше ауданында қатар іске асуда.

Жобалардың географиясы:

Кеген және Райымбек ауданы – 6 жоба

Ұйғыр ауданы – 2 жоба

Еңбекшіқазақ және Қарасай ауданы – 2 жоба

Кеген және Райымбек ауданы бойынша:

«Кеген–Нарынқол» автожолының 0–37 және 37–74 шақырым аралығында:

7 мың м³ қиыршық тас дайындалды;

1,9 шақырым ресайклинг жұмыстары орындалды;

1,3 шақырымға жабынның төменгі қабаты төселді.

«Көкпек–Кеген–Тюп» жолының 26–41 және 68–88 шақырым аралықтарында:

22 мың м³ қиыршық тас дайындалды;

9 мың м³ ұсақтау жұмыстары жүргізілді;

4,4 шақырым ресайклинг және 1 шақырым жабын төсеу жұмыстары аяқталды.

38+700 шақырымдағы су өткізу құбырына қажетті құрылыс материалдары нысан басына жеткізіліп, монтаждау жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, «Көкпек – Кеген – Қырғыз Республикасы шекарасы (Тюп) – Жалаңаш – Саты – Күрметі (Көлсай көліне кіреберіс жолы)» бағытындағы 3–24 шақырымы аралығында орташа жөндеудің негіздемесі дайындалып, жабын салу басталды.

Ұйғыр ауданы бойынша:

«Көктал–Қорғас» жолының 187–230 және 230–272 шақырым аралығында:

14 шақырым ресайклинг;

11,5 шақырым жол жабын қабаты салынды.

Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандары бойынша:

«Алматы–Байтерек–Байдібек би–Лавар» жолының 14–43 шақырымы,

«Алматы–Шамалған–Ұзынағаш–Аққайнар–Сұраншы батыр–Қырғызстан шекарасы» бағытындағы 20–23 шақырым учаскелері бойынша жұмыстардың 80 пайызы аяқталған.

Аталған бағыттағы жолдарды 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр. Ал өзге нысандар 2026 жылға өтпелі жоба есебінде қарастырылады.

Айта кетейік, аталған жобалардың орындалу сапасы мен пайдаланылатын құрылыс материалдары «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы тарапынан тұрақты бақылауда. Жыл басынан бері 19 рет нысан қаралып, 72 құрылыс материалы сараптамадан өткізілген. Оның ішінде 5 материалдың нормативке сәйкес келмейтіні анықталды, сондай-ақ 4 құрылыс ақауы тіркелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button