Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғам

Алматы облысында 247 шақырымдық жол жөнделіп жатыр

Алматы облысына қарасты республикалық маңызы бар автожолдарды орташа жөндеу бойынша 2025 жылы 10 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 9-ы – жол жөндеу, біреуі – су өткізу құбырын ауыстыруға бағытталған.

Жобалар облыстың бес ауданында іске асқан:

Кеген және Райымбек аудандарында – 6 жоба

Ұйғыр ауданында – 2 жоба

Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарында – 2 жоба

Кеген мен Райымбек ауданындағы жұмыстар

«Кеген–Нарынқол» автожолының 0–74 шақырым аралығында 7 мың м³ қиыршық тас дайындалып, 1,9 шақырым ресайклинг және 1,3 шақырым жабынның төменгі қабаты төселді.

Ал «Көкпек–Кеген–Тюп» жолының 26–41 және 68–88 шақырым аралығында 22 мың м³ қиыршық тас дайындалып, 9 мың м³ үгітілді. Мұнда 4,4 шақырым ресайклинг орындалып, 1 шақырымға жабын төселген. Сонымен қатар, 38+700 шақырымдағы су өткізу құбыры нысан басына жеткізіліп, ауыстыру жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, «Көкпек – Кеген – Қырғыз Республикасы шекарасы (Тюп) – Жалаңаш – Саты – Күрметі (Көлсай көліне кіреберіс жолымен)» бағыты бойынша 3–24 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары басталды.

Ұйғыр ауданындағы жөндеу

«Көктал–Қорғас» автожолының 187–272 шақырым аралығында 14 шақырым ресайклинг және 11,5 шақырым жол жабын қабаты төселген.

Еңбекшіқазақ пен Қарасай аудандары

Бұл аудандарда екі жоба жүзеге асуда:

«Алматы–Байтерек–Байдібек би–Лавар» жолының 14–43 шақырымы

«Алматы–Шамалған–Ұзынағаш–Аққайнар–Сұраншы батыр–Қырғызстан шекарасы» жолының 20–23 шақырымы

Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы аяқталып, жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған нысандар 2026 жылға қалдырылады.

Сапа қатаң бақылауда

Барлық құрылыс жұмысы мен пайдаланылатын материалдардың сапасы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы облыстық филиалы тарапынан жүйелі бақылауға алынған. Жыл басынан бері 19 рет нысанға шығу ұйымдастырылып, 72 үлгі сараптамадан өткізілді. Оның ішінде 5 материал талапқа сай болмай шықты, 4 құрылыс ақауы анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button