AMANAT

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында ауданымызда мониторинг жұмыстары жүргізілді

Бүгін партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы мекемелер мен бірқатар білім беру нысандарының ерекше қажеттілігі бар жандар үшін бейімділігін, қолайлылылығын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Нысандарды зерделеген мониторингтік топ өкілдері анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде ретке келтіру керектігін, ерекше қажеттілігі бар жандардың кез келген жерге кедергісіз кіріп-шығуы аса маңызды мәселе екендігін айтты.
Айта кетейік, мониторинг жұмыстарына Іле ауданы прокуратурасы, аудандық партия филиалының мамандары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Іле ауданы әкімінің мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің Іле аудандық филиалының төрағасы Н.Абдуллаев қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button