AMANAT

ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

«AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің арнайы кестесіне сәйкес аудандық Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Бикембаев Данияр Нұрболатұлы қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілер алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және жер мәселелері, сондай-ақ қылмыстық істердің тергелуі бойынша сауалдарын қойды. Барлық азаматтың өтініштері мен арыздары мұқият тыңдалып, заң аясында шешу жолдары бойынша кеңестер берілді.
«Тұрғындардың әрбір өтініші мен ұсынысы заң аясында объективті түрде қаралатын болады. Біздің мақсатымыз – азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың конституциялық құқықтарын қорғау», – деп атап өтті Данияр Нұрболатұлы.

#AMANAT

Басқа жаңалықтар

Back to top button