Шетелдік БАҚ Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәжірибесімен танысты

Digital Bridge 2025 халықаралық IT-форумы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алыс-жақын шетелдікжурналистер үшін пресс-тур ұйымдастырды. Астаналық халыққа қызмет көрсету орталығындақонақтар мемлекеттік қызметтерді көрсетусаласындағы Қазақстан тәжірибесін зерттеп, енгізіліп жатқан цифрлық шешімдерді бағалады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясында қонақтарға қызмет көрсетубөлімінің жұмысы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, қызмет көрсетуде қолданылып жатқанзаманауи шешімдер таныстырылды.
Журналистерге «ЦОН» мобильді қосымшасыжәне «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттікқызмет көрсету процестері көрсетілді. Осылайша, шетелдік қонақтар жоғары деңгейдегіавтоматтандыруды, интерфейстердіңыңғайлылығын және қызметтерді алужылдамдығын атап өтті.
«Қазір мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетіледі. Бұл – еліміздің цифрлық трансформациядағы маңыздыжетістігі. Ол қабылданған шаралардың тиімділігіндәлелдеп, Қазақстандағы цифрландырудың тұрақтыдамуын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да жаңатехнологияларды енгізіп, қызмет көрсетуүдерістерін жетілдіре береміз. Негізгі мақсатымыз– халыққа заманауи талаптарға толық сай қызметұсыну», – деп атап өтті Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.
Сонымен қатар, мобильді қосымшаның бейнеқоңырау арқылы кеңес алу, әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған онлайн-калькулятор, автокөлік тарихын тексеру және көлікті сатып алу-сату шартын тікелей смартфоннан рәсімдеу сияқты инновациялық сервистері ерекше қызығушылық тудырды.
Қонақтар құжаттандыру терминалдарына да назар аударды. Олардың көмегімен азаматтарбірнеше минут ішінде паспорт немесе жекекуәлікке өтініш бере алады.
Делегацияға компьютерлермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы да таныстырылды. Мұнда арнайы құрылғысы жоқ азаматтар мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қатысуынсыз қызметтерді электронды форматта рәсімдей алады.
Сапарды қорытындылай келе, шетелдік БАҚ өкілдері қызмет көрсету орталығының жұмысынжоғары бағалап, Қазақстан тәжірибесі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласында басқа елдерге үлгі бола алатынын атап өтті.
Айта кетейік, пресс-тур Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында өтті. Оған Оңтүстік Корея, Таиланд, Қытай, Малайзия, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің журналистері қатысты.


