Алматы облысында «Qonaev Media» су жаңа теларнасы жартылай қызмет көрсете бастады. Алматы облысымен қатар, Республика көлемінде тікелей хабар тарататын арнаға танымал тележүргізушілер жетекшілік етуде. Жаңа арнаның жаңа басшысы Қымбат Хангельдина болса, бас продюсер қызметін Қымбат Досжан атқарады.
Телеарна басшыларының айтуынша «Qonaev Media» – Алматы облысы мен еліміздегі маңызды оқиғаларды қамтитын аймақтық телеарна. Біз өңірдегі маңызды тақырыптарды жариялап, облыстың дамуына әсер ететін адамдар, жобалар мен бастамалар туралы мәлімет ұсынамыз. Арнаның негізгі мақсаты – көрерменге түсінікті әрі уақтылы ақпарат ұсыну. Біз облыстың және елдің дамуына әсер ететін маңызды шешімдер, жаңа әлеуметтік нысандар, білім, медицина, экология, бизнестің дамуы және тұрғындарға тікелей қатысты мәселелерді жариялаймыз. Біз тек жаңалықтармен шектелмейміз.
Эфирде – сараптамалық бағдарламалар, сұхбаттар, деректі және танымдық жобалар, отбасылық, ойын-сауық және жастарға арналған контент көрсетіледі. Ба ғ д а р л а м а л а р түрлі жастағы аудиторияның қыз ы ғ у ш ы л ы ғ ы н ескере отырып әзірленіп, эфирмен
қатар цифрлық фор-
маттарда да қол-
жетімді.
Телеарна қазақ
және орыс тілдерін-
де хабар таратады,
ел аумағының 100%
қамтиды. Біздің кон-
тент дәстүрлі эфир
арқылы да, онлайн
платформаларда да
қолжетімді. Біз билік
өкілдерінің де, өңір
тұрғындарының да
көзқарасын назарға
ұсынамыз. Өзекті
мәселелерді қозғап, шешу жолдарын ұсы-
нуға тырысамыз, қарапайым адамдардың
өмірінен алынған нақты оқиғаларды жа-
риялаймыз. Біздің арнамыз арқылы өңір-
де болып жатқан өзгерістерден хабардар
болып, Алматы облысының қалай дамып
жатқанына куә боласыздар. Біз жергілікті
бастамаларға, кәсіпкерлер мен белсен-
ділерге, мәдениет, білім және әлеуметтік
саладағы жобаларға қолдау көрсетуге
дайынбыз.
Арнаның әлеуметтік желілері-
не жазылып, маңызды жаңалықтарды
бірге бақылап отырыңыздар. — дейді
Жаңа арна ашылғанымен, телеарна қы-
зметкерлері үшін қолайлы кеңсе табу
өзекті мәселе болып тұр. «Qonaev media»
телеарнасының ғимараты уақытша
Алматы қаласында орналасады. Об-
лыс орталығы Қонаев қаласынан ар-
найы медиа-орталық ашылған кезде,
арна толықтай облыстың бас шаһары-
на қоныс аударады. Айта кетейік, бола-
шақта арна жанынан жергілікті радио әуе
толқынында хабар тарататын болады.


