#Qazaqstan30

Реформалардың мәні – 4: Қуатты өңірлер – қуатты ұлт

Елімізде қазір іске асырылып жатқан реформаларөзінің ау­қым­­дылығымен ерекшеленеді. Шынмәнінде, қысқа мерзімде олар экономика мен саясаттан бастап бірегейлік мәселелеріне дейінгіұлттық мүддені көздейтін барлық саланы қамтыпүлгерді. Деген­мен әрбір жалпыұлттық реформаныңмазмұнымен қатар, жүзеге асы­рылатын кеңістігі, яғни нақты орны болатыны белгілі. Ол орынбір­тұтас елді құрайтын өңірлер екені анық. Себебіқолға алған реформалар қала мен ауылда тұратынхалықтың мүддесі үшін, солардың күш-жіге­рі­менөңірлерде жүргізіледі. Сондықтан Мемлекетбасшысы жария­ла­ған «Қуатты өңірлерқуаттыұлт» қағидаты Қазақстан өзінің даму жо­­­­­лындатабан тірейтін негіз болды және солай болып қалабереді.

БІРЕГЕЙЛІГІМІЗДІҢ ӨЗЕГІ

 

Бұған дейінгі мақаламызда жаң­ғыр­ған ұлттықбірегейлік Әділетті Қа­зақстанның негізгі өзегінежәне қа­зіргі дағдарыс кезеңінде өзгеріс­тер­ге серпінберетін қуат көзіне ай­налуы керек екенін айтқанедік. Бұл рет­те ұлттық бірегейлік дегеніміз аб­страктілі ұғым емес екенін айта кет­кен жөн. Ол мыңдаған сағасы бар үл­кен өзен сияқты, яғнибойына ой­лай білетін, жоспар құратын, бала тәр­биелейтін, еліміздің әр түпкірінде тұ­рып, жұмысістейтін адамдардың нақ­ты ойын, арман-тілегін, тәжіри­бе­сі мен мінез-құлқын өзіне сіңіреді.

Жалпы, біздің жеке біре­гей­лігі­міз жас күнімізденқалыптасады. Оның негізі күнделікті күйбең тір­ші­лікте жанға жылу сыйлайтын жар­қын сәттерденқұралады. Дәл осы бала шақта алған әсерлеркейінгі өмір жолымызға сәуле түсіріп, тұлға ре­тіндеқалыптасуымызға ықпал ете­ді.

Мен жазғы демалысымды көбіне Алтай тауыныңбөктеріндегі Алма­сай ауылында, нағашы жұртымдаөт­­кізетін едім. Күнде кешкісін өріс­тен қайтқанмалды жайғап болған соң ауладағы ошаққа от жағылатын. На­ғашы әжем ас әзірлеп, бәріміз дас­тарқан басына жиналушы едік. Кеш­кі астан кейінмаздап жанған отты ай­нала отырып, ымыртүйірілген шақ­қа дейін әжеміздің әңгімесін тың­дайтынбыз. Ол кісі әңгіме айту­дың шебері еді. Әсіресе, батырлар жы­ры, хикаяға толы дастандар, Қа­жымұ­қан балуан жайындағы дерек­тер және ел басына күн туған қиын-қыс­тау кезең туралыоқиғалар есімде қа­лыпты. Шынтуайтына келгенде, әжем­нің сол әңгімелерінен алған тағы­лым өмірліказық болды десем, ар­тық емес. Сол кездегіжұлдызды түн, таудан ес­­­кен самал, жалындапжанған алау есімнен бір сәт­ке де шыққан емес. Тіпті, әжем­нің өткен өмір, ата-бабамыздың ерлігі, ала­сапыран жыл­дар туралы айтқан әңгі­ме­лері мен жұм­сақ даусы да әлі күнге дейін жа­дымда жаң­ғырып тұр.

Кемелденген шаққа жеткен қазіргі ке­зең­нен кейінгіуақытқа зер салар болсам, тұл­ға ретіндеқалыптасуыма әсер еткен көп оқи­ғаның арасынанауылда өткізген сол күн­дер мен түндеріммұхиттағы арал секіл­ді ерекшеленіп тұрады. Олармені хал­қым­ның жан дүниесімен жалғап тұрғанжә­не бала күнімнің ең аяулы сәттерін көз ал­дымаәкелетін сағынышқа толы есте­лік­тер.

Кең-байтақ даламыздың әр бұры­шын­дағы ауылмен қалашық жай ғана «елді ме­­кен» емес. Оларбіздің бірегейлігіміздің өзе­­гі. Себебі жаһандықоқиғалармен қарба­ла­­сып жатқан орталықтанжырақта орна­лас­­қан дәл осы жерлерде ұрпақтан-ұрпаққа бе­рілетін ұлттық код пен елдік қуат сақ­тал­ған.

Ұлттық ерекшелігіміз де сол жерден та­мыртартады. Салтымыз бен ғұрпымыз, түп­тепкелгенде, даму бағдарымыз да ауыл­дан бастауалады. Ауыл – қазақы біре­гей­лік­тің қайнар көзі мен берік қамалы. Бұл жер­де ұлттық рух тарихтың бірбөлшегіне ай­налмай, күнделікті тұрмыста көріністауып, елмен бірге жасап келеді.

Сондықтан халқымыздың мәдени және адам­гершілік коды сақталған ауылмен бай­ланыс бар кезде біз ұлт ретінде нығайып, іл­гері жылжибереміз деп толық сеніммен айта аламыз.

Ал егер ауылды, ондағы тыныс-тір­ші­лік­тіжоғалтатын болсақ, ұлттық рухпен ара­дағы нәзікбайланысты да үземіз. Пре­зи­дентімізҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың ауылдыдамытуға, елді мекенде өмір сүру деңгейінжақсартуға, аймақ­тар­дың әлеуетін барынша ашуғажәне об­лыс­тар мен аудан тұрғындарын елдегі саясижә­не экономикалық жобаларға белсенді түр­детартуға бағытталған реформалары­ның мәніосындай ұстанымға табан тірейді.

 

СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН ПРОБЛЕМАЛАР

 

Қазақстан әуел бастан-ақ қатаң орта­лық­­­тан­дырылған басқару формасы бар бір­тұтас мемлекетретінде қалыптасты. Тәуелсіздіктің алғашқыжылдарындағы ахуал соны талап еткені белгілі. Өйткені жаңа ғана пайда болған елді номиналдытүр­де бекіткен қағаз жүзіндегі әкімшілік-құ­қықтықшешімдерге қауіп төндірген күш­терді тоқтатуқажет еді. Ол күштердің ара­сында сол кездежергілікті сепаратизм ре­­­­­тінде танылғандар мен элиталық қысым да болды. Сондай-ақ тәуелсіздігіненді ғана алған мемлекетіміздің бұған дейін КеңесОдағында транзиттік және шикізаттық ел ға­наболып келгенінің де салдары айтар­лықтайбайқалып жатты.

Біз сөзбен айтқанда, қанаты қатая қой­м­ағанмемлекет пен жаңадан қалыптасып жат­қан дербесэкономикаға әлемнің саяси кар­тасында әлсізконтурмен ғана бедер­лен­ген елдің іргесін бекемдейтүсетін, жұмыс іс­тейтін институттары мен шешімқабыл­дай­тын біртұтас вертикалі бар қуатты орта­лықтандырылған мемлекеттік жүйе қа­жет болды. Тұңғыш Президент Нұрсұл­тан Назарбаевтыңшешімдері мен саясаты да осыған бағытталғанболатын.

Алайда өткен отыз жыл ішінде аяғына нық тұрғанҚазақстан осы қатаң жүйемен біте қайнасып кетті. Тіпті, бұл жол тарихи рө­лін атқарып қана қоймай, жаңа үрдіс­тер­ге, жылдар бойы қалыптасқан өңірлікерек­шеліктерге сай алға жылжуға мүмкін­дікбермей, дамуға кедергі келтіре бастады. Ша­мадантыс орталықтандыру мен жер­гілік­ті ерекшеліктердіелемеуден туындаған тең­герімсіздік 2010 жылдарды аяғында эко­номикалық проблемалар мен әлеу­мет­тік сын-қатер тудыра бастады. Соның сал­дарынан жоғары мінберлерде айтылып жүр­гентұрақтылыққа қауіп төндірген жаңа шындық пайдаболды.

Жаңа шындықтың басты ерекшелігіөңір­лерарасындағы экономикалық даму деңгейлеріндегітеңгерімнің болмауы, яғни тұрғындардың өмірі мен әл-ауқатындағы ал­шақтық.

Жан басына шаққандағы өңірлік жал­пы өнім(ӨЖӨ) ресурстарға бай еліміздің ба­тысындағыөңірлер мен оңтүстік және сол­түстік аймақтардағыаграрлық облыс­тар арасында айтарлықтай алшақболды. Егер Атырау облысында жан басына шақ­қан­дағы ӨЖӨ 21 млн теңгеден асса, Түркі­станоблысында бұл көрсеткіш 2 млн теңге шамасындаболды, яғни алшақтық 10 есеге дейін жетті.

Мұнай мен газға бағдарланған батыс ай­мақтарелдің ІЖӨ-сіне айтарлықтай үлес қос­ты, ал оңтүстік, солтүстік және шығыс эко­номиканыңәлсіз әртараптандырылуына бай­ланысты тоқырауғаұшырады. Мұндай жағ­дай артта қалғаноблыстарды «даму тұза­ғы­на» түсіріп, төменөнімділік салдарынан ке­дейлік пен жосықсыз көші-қон одан әрі үдей түсті.

Өңірлердің басым бөлігінің эконо­мика­ның бір-екісекторына ғана тәуелді болуы тең­герімсіздіксебептерінің бірі екені анық. Бұл ахуал әлемдікбағалар құбылып тұрған шақ­та оларды одан әріәлсіретті. Өңірлердің ши­кізатқа немесесубсидияланатын аграрлық сек­торға байланғанэкономикасын әрта­рап­тан­­дырудың төмен деңгейішикізаттан басқа са­ланың өсуіне тұсау болды. Қаржылан­дыру­дың жеткіліксіз және өткізунарықтарына қолжетімділіктің шектеулі болуышағын және орта бизнесті ынталандыруға керіәсерін ти­гіз­ді. Бұл әлеуметтік проблемаларды шие­ле­ністіре түсті. Осыған байланысты табыс тө­мен­деп, кедейлік деңгейі жоғарылап, жастар іріқалаларға ағылды.

Өңірлік билік те салықтық базаны ұл­ғай­туғамүдделі болмай, негізінен орталықтан бе­рі­летінсубсидияларға қарап қалды.

Осы жерден тағы бір проблема туындады. Ол – инвестициялардың біркелкі болмауы жә­неөңірлердің бюджетке тәуелділігі. Ин­вес­тицияларелордаға, ірі қалаларға және өн­діру­ші аймақтарғашоғырланып, кейбір өңір­лер назардан тыс қалды. Салдарынан эко­но­ми­калық және әлеуметтікалшақтық ұлғайды. Ре­сурс теңсіздігінің әсеріненөңірлер донор­лар мен республикалық бюджеттенберілетін субвенцияларға тәуелді реципиенттерболып бөлінді.

Бұл жағдай орталыққа барынша тәуелді бо­лыпотырған аймақтардың басқару дербес­тігін жәнеэкономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуін әлсіретті. Соның салдарынан жергілікті жер­лерде бастамаларазайып, әр облыстың ерек­шелігі мен табиғиартықшылықтарына бай­ланысты даму әлеуетітөмендеп кетті.

Еліміздің территориясы кең болғанымен ха­лықтығыздығы төмен екені белгілі. Осын­дай жағдайдаинфрақұрылымның дамымауы да үлкен кедергіболды. Бұл, ең алдымен, көлік бай­ланысынақатысты еді. Жолдардың саны мен сапасыөңірлердің экономикалық ин­тег­рациясында, саудамен туризмде және қара­пайым қатынаста қиындықтудырды.

Дүниежүзілік экономикалық форум са­рап­шыларының есептеріне сәйкес Қазақстан 2020 жылдардың басында жол инф­ра­құры­лымыныңсапасы жағынан 119 елдің ішінде 90-орын алған.

Цифрлық алшақтық та тағы бір инфра­құрылымдықсын-қатерге айналды. Жыл­­дам­дығы жоғарыинтернеттің қолже­тім­сіз болуы себепті шалғайжерлерде цифрлық мем­лекеттік қызметтерді алу іріқалаларға қара­ғанда әлдеқайда қиын еді.

Экономикалық теңгерімсіздікпен бірге әлеу­­меттіксалада және өмір сүру, әсіресе, ауыл­­дағы өмір сүрусапасы бойынша тең­герім­сіздік артты. Білім беру мен денсаулық сақ­тау қызметіне қол жеткізудегіалшақтық та айтарлықтай ұлғайды. Ауылдық жәнеоң­түстік аудандарда кедейлік деңгейі өсіп, 2010 жыл­дардың аяғында халықтың 12 пайызын қам­тыды. Ал ірі мегаполистерде бұл көрсет­кіш 5 пайызға тең болатын.

Жалпы, экономикалық, қаржылық, адами жәнеинфрақұрылымдық белсенділік екі ірі қала Астана мен Алматыда шоғырланды. Мұн­дай жағдай осы қалалар мен елдің басқа өңір­лері арасында өмірсүру деңгейі, мүм­кіндіктер, көрсетілетін қызметтерсапасы бойын­ша орасан зор алшақтық тудырды.

Соның салдарынан демографиялық және кө­ші-қонмәселелері ушықты. Жастар білім, жұ­мыс іздепжәне өмір сүру деңгейін арттыру үшін ауылдарданқалаларға, облыс орта­лық­тарынан мегаполистергеағылды. Нәти­же­сін­де, миллионнан астам тұрғыныбар қалаларда көші-қон көрсеткіші бұрынғыдан да арта түс­ті. Мәселен, кейінгі жылдары Астана хал­қы­ның саны 250-300 мың адамға көбейген. Осығанорай бүгінде халқының саны ресми түрде 1,5 миллион болып саналатын елор­да­ныңинфрақұрылымы күн сайын 2 миллионға жуықадамға қызмет көрсетуге мәжбүр.

Солтүстік аймақтар халықтың үдере кө­шуі­нензардап шекті. Бұл демографияны, әлеу­­­меттікинфрақұрылымды және эконо­ми­калық әлеуеттіәлсіретті. Ал жер мен судың тап­шылығы сезілетін, халық тығыз қоныс­тан­ған оңтүстікте туу деңгейіжоғары көрсет­кіш­ке жетіп, әлеуметтік шиеленіскүшейді.

Өңірлердің дамуындағы проблемалар мен сын-қатерлер бір-бірін одан әрі ушық­ты­рып, 30 жылішінде қарама-қайшы жүйеге ай­­­налды. Сондықтаншегіне жеткен жекелеген мә­селелердібасқаларынан бөлек шешу әре­кет­тері тұрақтынәтиже бермеді.

Сол себепті өңірлерді дамытудағы нақты жүйе­літәсіл Президентіміз Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаевтың реформаторлық күн тәртібіндегімаңызды тармақтардың біріне ай­налды.

Басты қағидат: ондаған жыл бойы қор­да­ланғанпроблемалардың тамырына бірден бал­та шаппай, ширатылған жіпті біртіндеп тар­қату еді. Бұлөртсөндіргендей, қас-қа­ғым сәтте нәтиже беретіндағдарыс-менедж­мент емес, барлық деңгейде бүкілпроблеманы түп-тамырымен жоятын берік негіздіжүйе құру деген сөз. Алысты көздеп, есептепжасал­ған жүйелілік, ауқымдылық және кезеңділікПрезидент Тоқаевтың өңірлік реформасының үшалтын қазығы болды.

 

 

ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛ

 

Осы мақаланы жазған кезде Әділетті Қа­зақ­станқұрудың барлық жеті жылы ішіндегі әрбір бағыт, әрбір қадам, қойылған әрбір мін­дет әрдайымконцептуалды көзқарас пен жүйе­лі жоспарлауғатабан тірейтініне көз жет­кіздім. Алдыментұжырымдама, жоспар, бағ­дарлама; содан кейінтүзету, нәтиже. Бұл тә­сілді салалық жобаларға да, өңірлерді жал­пы кешенді дамытуға да бірдейқолдануға бо­лады.

Мемлекет басшысы 2020 жылдың қыр­күйе­гінде-ақжүйелі реформаларды қолға алып, теңгерімдіаумақтық дамуды міндет етіп белгіледі. Бұл бағытмемлекеттік бас­қару­дың жаңа моделі мен жаһандық сын-қатер жағ­дайындағы экономикалықбағдардан кейін бірден бірінші кезектегі аса маңызды үш мәселені қамтиды.

Президентіміз бұл жерде жекелеген проб­ле­малардыкөрсетіп қана қоймай, елдің ау­мақ­тық жәнекеңістіктік дамуындағы тәсіл­дер­ді барынша қайтақұру қажет екенін атап көр­сетеді. Мемлекетбасшысы экономикалық және мемлекеттікқызметтердің сапасы мен өмір сүру деңгейініңалшақтығы жағынан ай­мақтардыңайырмашылықтарын мойын­дай отырып, өңірліксаясаттағы жаңа тәсілдің не­гізгі элементінайқындап берді. Ол – аумақ­тық дамуды Қазақстанөңірлерінің бәсекелес­тік артықшылықтарын ескереотырып құру.

Бұдан басқа, өңірді дамытудағы жаңа тә­сілбасқарылатын урбанизация мүмкін­дік­терін ашты, «көші-қон легінің» кезеңділігіне жағ­дай жасады. Бұл қадам ірі қалаларда ха­лық­тың тым көбеюінежол бермеуге, әлеу­мет­тік шиеленісті болдырмауғаықпал етті. Со­ны­мен бірге ауылдың әлеуетін толықашу стра­тегиялық маңызды міндет ретінде жария­ланды.

Бір жылдан кейін, яғни 2021 жылы бұл тә­сілдер«Халық бірлігі және жүйелі рефор­малар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдаудатолықтырылды. Мұнда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тең­ге­рімсіздіктітөмендетуге баса мән берілді. Бұ­дан басқа, Қасым-Жомарт Кемелұлы әкім­дер­дің жергіліктібизнесті дамытуға мүдделі болуымен, инвестициялар ағыны мен салық­тық базаныұлғайтумен қатар жүретін өңір­лер­дің қаржылықдербестігін арттыру мәсе­лесін көтерді.

Мемлекет басшысы урбанизацияның ор­нықтытрендін ескере отырып, Агломерация­ларды дамытутуралы заң әзірлеуді тапсырды. Ол 2023 жылғықаңтарда қабылданды. Прези­дентіміз миллион тұрғыны бар қалалар жаһан­дық бәсекеге дегенқабілеттің негізіне, ал облыс орталықтарыөңірлердің өсу нүкте­сіне айналуы керек екенін атапкөрсетті. Бұл рет­те моноқалалардың одан әрідамуына қа­тысты ойластырылған шешімдер қажетеке­ні анық.

Елдің «ішкі байланысын» жақсарту үшінорталықты өңірлермен жалғайтын бірыңғай көлікжелісін қалыптастыруды аяқтау және әрбір облысүшін инфрақұрылымдық даму бағ­дарламаларыніске қосу тапсырылды.

Мемлекет басшысы осы тәсілдерді 2022 жыл­ғыақпанда өзінің Жарлығымен қабыл­данған 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жос­парында бекітудітапсырды. Жоспар өңір­лерді кешенді дамытуға, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруге, мүмкіндіктерді ашуға және әрбір өңірдің бәсекедегіартық­шы­лығын ескере отырып, жаңа «өсу нүк­те­лерін» қамтамасыз етуге бағытталды.

Аумақтық даму жоспары 30 жыл ішінде қа­лыптасқан теңгерімсіздікті жоюға бағыт­талғанөңірлік реформалардың жалпы бағы­тынайқындаған маңызды стратегиялық бағ­дар болды. Жоспарды іске асырған жыл­дар­да Қазақстан халқы780 мың адамға кө­бейіп, 19,5 миллионнан 20,3 миллионға жетті. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 70,4 жастан 75,4 жасқа дейін, урбанизация деңгейі2020 жылғы 59 пайыздан 2025 жылы 63 пайызғадейін ұлғайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9,1 мың АҚШ долларынан 14,7 мың АҚШ долларынадейін өсті.

2025 жылғы тамызда Жоспардың орнына тыңтәжірибе мен осы уақытта қалыптасқан жағ­дайдыескере отырып, 2030 жылға дейінгі Қазақстанныңөңірді дамыту тұжырымдамасы қабылданды.    

 

ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРУ

 

Президенттің орталықтан бөліп шығару­ға жәнеөңірлерге барынша дербестік беруге ар­налғанбағдары реформалардың негізгі, тіп­ті мәні жағынанең революциялық бағы­ты­на айналды. Тарихымыздаалғаш рет орта­лық билік өкілеттіктермен бөлісужәне бас­қару тетіктерін экономикалық жағынанғана емес, саяси тұрғыдан да өңірлердің қолынаберу жөнінде шешім қабылдады.

Шала шешімдер қабылдамау үшін революция эволюциялық жолмен іске асырылатыны белгілі. 2021 жылғы шіл­де­ден бастап ауыл, кент жәнеауылдық округ әкім­дерін тікелей сайлау бойыншапилоттық жо­ба басталды. Нәтижесінде, 2023 жылғы та­­­мызға дейін 1 668 әкім сайланды, олардың 57 пайызы негізінен қырықтың қырқасынашық­қан жаңа есімдер болды. Атап айтқанда, оларсол жердегі мәселелерді жақсы білетін мұ­ғалімдермен дәрігерлер, фермерлер мен кә­сіпкерлер жәнекәсіпорын басшылары еді.

Келесі кезеңде, 2023 жылғы қарашада 42 ау­дандажәне 3 өңірлік маңызы бар қалада ау­дан және қалаәкімдерінің пилоттық сай­лауы өтті. Дауысберушілердің 63 пайызы қа­­­­­тыс­қан сол қызунауқанды көпшілік ұмыт­па­ған да болар. Себебі олкезде бұрын-соңды бол­­маған белсенділік байқалып, сайлауға тү­су­­ге 250-ге жуық адам өтініш бергенбола­тын.

Пилоттық сайлау өзінің тиімді екенін көр­сетті жәнебүкіл ел бойынша аудан әкім­дерін сайлау процесінөткізуге түрткі болды. 2025 жылға қарай ауданәкімдері 100 пайыз өз жерінен сайланатын болды. Оның ауқымы одан әрі де тереңдей түспек. Мемлекет бас­шы­сы 2024 жылғы Жолдауында 2025 жылдан бас­тап облыстық маңызы бар қалаәкімдерін ті­келей сайлау жүйесіне көшу туралытүбе­гей­лі шешімді жариялады. Жаңа жүйе бойын­ша алғашқы сайлау биылғы қазанда Семейде өтті.

«Кім сайласа, соның алдында есеп беру» де­генұмытылған, тіпті таныс емес қағидат өңір­лердеалғашқы қадамын жасады. Бұл өз ке­зегіндеҚазақстанның ілгерілеуіне тың серпін болмақ.

Алайда бюджеттік қатынастардың бір­жақ­тыжүйесінің тежеуі салдарынан өңірлер­дің өзін-өзіқамтамасыз етуінің негізгі тірегіқар­жыны бірорталыққа шоғырландырмау әлі күн­­ге дейін қарқынала алмай келеді.

Иә, 2019 жылдан бастап аймақ бюджет­те­рі­нетүскен салық 2,4 трлн теңгеден 2024 жы­­лы 7,4 трлн теңгеге дейін үш есе өсті. Де­ген­­мен республикалықбюджеттен суб­вен­ция­лар да осындай қарқынменұлғайып, 2024 жылы 5,3 трлн теңгеге жетті. Ал нысаналы трансферттермен бірге олар жергіліктібюд­жет­тердің кіріс бөлігінің 7,3 трлн теңгесінқұрады.

Орташа алғанда, ел бойынша өңірлердің ор­талыққатәуелділігі шамамен 50, ал кей жер­лерде 70 пайыздан асты. Бұл ретте өңір­лердің өз кірісі 17-23 пайыздан аспайды. Жағ­дай тығырыққа тірелді: бюджетке масыл бол­­ғаны үшін ешкім жауапбермейді. Еш қи­нал­м­ай кепілдендірілгентрансферттерді алып отырған өңірлергеэкономикалық тәуел­сіздік алу үшін жанталасудыңтіптен ке­регі жоқ.

Осы тығырықтан шығу үшін Мемлекет бас­шысының бастамасымен Қазақстанда, бір жа­ғынан, өңірлердің бюджеттік дербестігін ын­таландыруға, екінші жағынан, олардың жауап­кершілігінкүшейтуге бағытталған бюд­же­таралыққатынастарды ауқымды өзгер­ту іске асырылыпжатыр. Өзгерістердің бір бө­лігі жаңа Бюджет кодексіне де енгізілді. Ре­фор­ма­лар бюджет деңгейлері арасында трансферт­тер­ді бөлу жүйесінқайта құруға арналған.

Енді, 2026 жылдан бастап республикалық бюд­жеттен бөлінетін жалпы сипаттағы транс­­­ферттерөңірлік стандарттар жүйесінің (ӨСЖ) көр­сеткіштеріне байланысты болады. Өңірлер осы қаражат шеңберінде әлеуметтік ны­сан­дарды, көлікті, жолдарды, коммуни­кация­лар­ды, тұрмыстық қызмет көрсетуді және де­ма­лысты қосаалғанда, инфрақұрылымды 12 ба­­­­ғытта теңестіругеміндеттеледі. Бұл ретте әл­сіз дамыған өңірлерорташа көрсеткіштерге же­ту үшін көбірек қаржыалады. Жаңа тәсіл бюд­жетті ұтымды бөлуменқатар, өңірлер ара­сында және өңірлер ішінде инф­ра­құры­лым­ға қол жеткізудегі алшақтықтыазайтады. Сон­дай-ақ елді мекендерді дамытудытиімді жос­парлауға мүмкіндік береді.

Өңірдегі бағдарламаларды іске асыруға берілетінмақсатты трансферттерге келетін бол­сақ, мұндажоғары әлеуметтік-эко­но­ми­ка­­лық әсер беретін, құны айтарлықтай дең­гей­дегі аса маңыздынысандар мен ұлттық мән­ге ие жобаларды ғанақаржыландыру сақ­талады. Базалықинфрақұрылымды да­мыту жөніндегі өңірлікжобалар (сумен қам­тамасыз ету, газдандыру, жолдарды жөндеу, ТКШ және т.б.) енді өңірлердіңүш жылдық ин­вестиция жоспарына енгізіледі жәнежер­гілікті бюджет есебінен немесе ӨСЖ көр­сеткіш­теріне байланысты жалпы сипаттағытрансферттер арқылы жабылады.

Реформалардың тағы бір мақсатыжер­гіліктібюджеттердің кірісін көбейту. Сол үшін бизнестентүсетін салықтардың көп бө­лігін өңірлердеқалдыру жоспарда бар. Бұ­ған дейін ұзақ уақытбойы аудан әкім­дерінің өз бюджеті болмағаны жәнеолардың облысқа толықтай тәуелді болғаны белгілі. Енді жаңа Бюджет ко­дек­сі бойынша шағын жәнеорта бизнестен тү­сетін корпоративтік табыс салығыаудан­дық бюджеттерге беріледі. Бұл мәселе жекета­быс салығына да қатысты екенін атап өт­кен жөн. Мұндай шара аудан әкімдіктерінің қар­жылықмүмкіндіктерін нығайтады. Об­лыстардыңкірістерінің 70 пайызы аудандық бюд­жеттерге жә­необлыстық маңызы бар қа­лалардың бюд­жет­терінешоғырланатын болады. Бұл әкім­дер­ді кіріс базасынұлғайтуға ынталандырады.

Жаңа Бюджет кодексіне өңірдің салық әлеуеті жаңакөрсеткіш ретінде енгізілді. Ол жер­гіліктіоргандарды өз кірісінің өсуіне ын­таландыруға тиіс. Бұл ретте сәтсіз кіріс жос­пары үшін биліктің әрбірдеңгейі жеке-жеке жауапкершілік арқалайды.

Осы ауқымды реформалардың нәти­же­сін­де алдағыүш жылда өңірлердің қаржылық дер­бестігіайтарлықтай өседі деген сенім бар. Жер­гіліктібюджеттердің республикалық бюд­жетке тәуелділігіорта есеппен 50,7 пайыз­дан 33 пайызға дейінтөмендейді. Ал өңір­лер­дің кірісі 2026 жылғы 10,7 трлн теңгеден 2028 жы­лы 13,3 трлн теңгеге дейін, яғни 24,3 пайыз­ға артады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтыңбір орталықтан алшақтатуға ба­ғыт­талғанреформалары бір реттік науқан емес, олҚазақстанның бүкіл мемлекеттік бас­қару жүйесінжан-жақты трансформа­ция­лауды көздейтін қадам. Қазірдің өзінде бюд­же­таралық салада нақты, шамалаған нәти­же­лерге қол жеткізе бастадық. Әрине, реформа де­ге­німіз – процесс. Десе де, бұлжолдағы өз­герістердің бағыты айқын белгіленген, яғни олбір орталыққа қатаң бағынған модельденнақ­ты қаржылай тәуелсіз, өз дамуына өзі жауапберетін өңірлер моделіне дейінгі ау­қым­ды үдеріс.

 

 

ЕЛДІҢ ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ

 

Ел, мемлекет дегеніміз жекелеген өңірлер мен әкімшілік бірліктердің механикалық жиын­тығыемес. Ол – біртұтас тірі ағза және оның жалпыөркендеуі әрбір органы мен жа­су­шасыныңдамуына, әл-ауқатына байла­ныс­ты болады. Ағзаөмір сүріп, жетілуі үшін қан айналым жүйесізаманауи инфрақұрылым, сапалы автомобиль жолдары мен теміржолдар қажет. Олар, біріншіден, адамдар мен тауар­лар­дың еркін қозғалысынқамтамасыз ете оты­рып, елдің өңірлерін біртұтасжүйеге бі­рік­тіреді, екіншіден, құн жасаудыңжаһандық тізбегіне кірігуіне жағдай жасайды.

Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында еліміз­дегі жалпықолданыстағы көлік желісі КСРО-дан мұра болыпқалған 14,5 мың шақырым теміржол мен 86,8 мыңшақырым автомобиль жо­лы болды. Алайда оларбұрынғы саяси-эко­номикалық жүйенің мүддесінесай салын­ған­дықтан, басты магистральдармеридиан ба­ғытымен орналасқан еді. СондықтанҚа­зақ­стан­ның өңірлері арасындағы ішкі байланысда­мымай қалды. Сонымен қатар 90-жылдары жаңа­дан құрылған ел енді еңсесін тіктеп, өмір сүру үшінкүресіп жатқанда, ескірген тех­н­ологияменсалынған жүздеген шақырым жол­ға тиісті күтімжасалмай, біртіндеп жа­рам­сыз бола бастады. Жаңакөлік артерия­ла­рын салу қарқыны экономиканыңөсіп келе жат­қан қажеттіліктеріне ілесе алмады.

Өңірлерді жаңа және жөнделген жолдар же­лісіменбайланыстыру міндеті біртіндеп ше­шілді, бірақолардың саны мен сапасы ха­лық пен экономиканыңқажеттіліктерін қа­нағаттандырмады. Көлік инфра­құры­лы­мы­ның лайықты деңгейі туралы берілгенкөп­теген уәде, өкінішке қарай, тек сөз жүзінде не­месе есептердегі цифрлар күйінде қалды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ре­фор­маларыэкономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылықтыңмаңызды факторы ретінде өңірлердің теңгерімдідамуы мен интег­ра­ция­сына, елдің бірыңғай, тиімдікөлік жүйесін құру­ға баса назар аудара отырып, бұлбағыт­тағы жұмысқа жаңа серпін берді. Әлемдегітоғызыншы елдің ауқымды территориясын ескереотырып, өңірлердің көліктік байланы­сыпрезиденттік саясат басымдықтарының бірінеайналды.

Автомобиль жолдары саласында кейінгі алтыжылда ОрталықШығыс, ОрталықОң­түстік, ТалдықорғанӨскемен, Ақтөбе – Аты­рау – Астрахань және басқа да негізгі кө­лік дәліздерінқоса алғанда, республикалық маңызы бар 4,4 мыңшақырымнан астам жол қай­та жаңартылды. 2025 жылы жол құры­лы­сы, қайта жаңарту және жөндеужұмыстары 13 мың шақырымды қамтыды.

Президент тапсырмасымен қазір жалпы ұзындығы890 шақырым болатын «Астана – Ырғыз» жаңаавтомагистралін салу жұмысы басталып жатыр. Бұл жол Қорғас орта дәлізі мен Каспий теңізіндегіпорттардың арасын жалғап, өңірлер байланысыныңмаңызды тетігіне айналады. Жалпы, 2030 жылғадейін жаңа автожолдардың ұзындығы 4,7 мыңшақырымға жетеді. Оның 3,7 мың шақырымы І санаттағы жол екенін айта кеткен абзал.

Егер 2010 жылдан 2019 жылға дейін қат­ты жабыныбар жалпыға ортақ автомобиль жол­дарыныңұзындығы 1,3 пайызға қысқарса, 2019-дан 2024 жылға дейін ол 2,5 мың ша­қырым­ға немесешамамен 3 пайызға ұлғайды. Осы орайда бұл жайғана жолдар емес, ол ел­дің барлық ағзасынбайланыстыратын то­лыққанды қан айналым жүйесіекенін айта кету керек.

Қазақстанның кең-байтақ аумағын бай­ла­ныстыруүшін дәстүрлі түрде жүк тасыма­лы­ның бастыарнасы саналатын теміржолдар аса маңызды. Дегенмен 2010 жылдардың соңы­на қарай теміржолжелілерінің жалпы ұзын­дығы 16 мың шақырымболды және олар­дың тозу деңгейі 57 пайызға жетті. Осы­ған байланысты 2029 жылға дейін 5 мың ша­­­­қырым жолды салу және жаңғырту, 11 мыңшақырымын жөндеу жоспарлануда. Бұл те­мір­жолжелісінің негізгі учаскелерінің өткізу қа­бі­летінеселеп көбейтеді, пойыз қозғалысы­ныңжылдамдығы мен қауіпсіздігін арт­тыра­ды.

2025 жылғы 30 қыркүйекте Мемлекет бас­шысыұзындығы 836 шақырым болатын «Дос­тықМойынты» теміржол учаскесінің екін­ші желісініске қосты. Ол Қытаймен екі те­міржол шекараөткелінің бірі Алашаңқайға шы­ғуға мүмкіндікбереді. Осы ірі инф­ра­құры­лымдық жоба өткізуқабілетін бес есе арт­тыру­ға және жүктердің өтуін42 пайызға же­делдетуге мүмкіндік береді. БұлҚазақ­стан­ды Еуропа-Қытай көлік дәлізінің негізгібуы­нына айналдырады.

Жақын арада Алматы айналма темір­жо­лыныңқұрылысы аяқталады, ал 2027 жылға қарай ДарбазаМақтарал тарма­ғы іске қосылмақ. Бұл жобаларелдің тран­зит­тік әлеуетін арттырумен қатар, өңірлердің жаңа өсу нүктесіне айналады. Соныменқатар өңір­лердің жеткізу тізбегіне қосылуына мүм­кіндік береді.

Көлік әлеуетін тиімді іске асыру локо­мо­тив пен вагон паркін жаңартуды талап етеді. Қазір 2 мыңғажуық локомотив және 142 мың­ға жуық жүк вагоны пайдаланылып келе­ді. 2029 жылға дейін 450-ден астам жаңа ло­ко­мотив пен 7 мың вагондыпайдалануға беру жос­парда бар. Бұл тұрғыдаПрезиденттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп ара­сындағы уағдаластық бойынша амери­ка­лық локомотивтерді беруге және оларға қыз­меткөрсетуге арналған біздің тарихымыздағы АҚШ-пен арадағы ең ірі келісімшарт дер кезін­дежасалған қадам болды. Америкалық көш­басшыкелісімді тарихи деп атады: келі­сім үздіксипаттамалары бар 300 жүк локо­мо­тивінҚазақстанда өндіруді көздейді. АҚШ-тың саудаминистрі Говард Латник бұл мәміле Еуропа мен Азия арасындағы көлік дәлі­зінің жалпы дамуынаықпал ететінін атап өтті.

Еліміз арқылы шығыстан батысқа және сол­түстіктен оңтүстікке қарай өтетін транс­құр­лықтықдәліздердің әлеуеттері өте зор. Қазақстан арқылытранзиттік ағын соңғы 10 жыл­да екі есеге артып, 27,4 млн тоннаға жетті, ал 2029 жылға қарай оны 67 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Халықаралық логис­тикалық маршруттар өңірлердідаму үшін де маңызды. Қазірдің өзінде біз өңір­лер­де әлемдік деңгейдегі жаңа қойма терми­нал­дарының ашылып жатқанын көріп отырмыз. Бұлинфрақұрылымның өзгеше, жаңа деңгейі. Сондай-ақ облыстар мен аудандардың тұрғындарысезінетін «үлкен әлем тынысы».

Осы тұста бірнеше облыс арқылы екі тар­мақпенОңтүстік және Орталық Қазақстан арқы­лы Каспий жағалауындағы порттарға дейін өтетін Транскаспийхалықаралық көлік бағытының маңызы зор. Мұхитқа шығу мүм­кіндігі жоқ еліміз үшін бұл – «ұлы дала теңізі» арқылы өтетін мұхитаралықбағыттың бала­ма­сы. Бір кездері осы аумақтардыңдамуына сер­пін берген, Шығыс пен Батысты байла­ныс­тырған Ұлы Жібек жолы сияқты Шығыс Азия­дан Еуропаға дейінгі орта дәліз бүгінде өңір­лерімізді әлемге және әлемді өңірлерге ашатынқақпа болып отыр.

 

 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕЙРОН ЖЕЛІСІ

 

Егер көлік инфрақұрылымы өзінің тар­мақ­талуымен функционалдығына қарай мем­лекеттің қанайналым жүйесі болса, онда оған ұқсастырып, цифрлық инфрақұрылымды оның нейрон желісідеп айтуға болады. Шет­кері аймақтарды қосаалғанда, бүкіл орга­низм­нің орталық жүйкежүйесімен байла­ны­сы жақсы болған сайын, олсоғұрлым өміршең келе­ді, әр жасушасыменцифрлық дәуірдегі ішкі және сыртқы ортаныңқажеттілігі мен қиын­дығына жауап беругеқауқарлы болады.

Бұл жерде даму көшінен көз жазып қалуға бол­майды. Ұшы-қиыры жоқ далада жатқан шал­ғайауылмен бірге жаппай цифрландыру жә­не жасандыинтеллектіні енгізу бүгіннің өзін­де ұлттың тиістідеңгейде дамуын қам­тамасыз етіп, оны ертең нағызбәсекеге қа­білет­ті ел етеді.

Цифрландырудың «екінші толқыны» назардымемлекеттік қызметтердің салыс­тыр­малы тар сегментінен цифрлық тең­сіз­дікті еңсеруге, цифрлық технологияларды күн­делікті өмір мен экономикаға ин­тег­ра­ция­­­лауға аударды. Ол инфрақұрылымды, нор­мативтік базаны, цифрлықдағдыларды, стар­таптар мен инновациялардықамтиды. Бас­ты мақсатбарлық өңірде, соныңішінде шал­ғайдағы ауылдардың тұрақты кең­жо­лақ­ты интернетке қосылуды қамтамасыз ету.

Алайда шағын қалаларда, қала маңында жә­неауылдарда қолжетімділік арналары әб­ден ескірген. Мұнда негізінен ADSL техно­ло­гия­сы, яғни «мыс» телефон арналары арқылы 10 Мбит/сек жылдамдықпен беріледі. Кең­жолақ­­ты оптикалық-талшықты байланысқа қо­сылуды қамтамасыз етуауылдық жерлерденебәрі 18 пайыз, шағынқалаларда – 28 пайыз, ал ірі қалаларда – 44 пайыз.

Бұл ретте Қазақстан аумағы бойынша ша­шыраңқыорналасқан елді мекендер бай­ланыс операторларыүшін экономикалық тұр­­ғыда тартымды емес. Олархалық пен биз­­нес тығыз шоғырланған, халқы тығызор­наласқан қалаларға басымдық береді. Мұн­дайжағдайда кез келген елді мекендерден тысжерлердегі ауылшаруашылық кәсіпорын­да­рыннемесе айдаладағы трассалар бойын ин­тернетпенқамту туралы айтпаса да бо­ла­ды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылғы қазанда қабылданған «Қол­жетім­діинтернет» ұлттық жобасы цифрлық алшақ­тық­қаберілген жүйелі жауап болды. Оның мақ­саты – 2027 жылға қарай барлық елді ме­­кен­ніңжылдамдығы кем дегенде 100 Мбит/сек болатынинтернетке қол жеткізуіне жағдай жасау.

Үш мыңнан астам ауылда талшықты-оп­ти­калықбайланыс желілерін салу жұмыстары жүр­гізіліпжатыр. Шағын және орта байланыс операторларынқолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығынажоғары жылдамдықты ин­тернет жеткізілетінболды.

Шалғайлығына немесе географиялық ор­ныныңқиындығына қарай сымды интер­нет­ке қосумүмкіндігі жоқ 500-ден астам ауыл­да ғарыштықбайланыс жүйесінің ре­сурс­тары пайдаланылады. Мәселен, 2025 жыл­ғы маусымда Цифрлық даму министрлігі мен Starlink компаниясы еліміздіңаумағында спутниктік интернетті ресми түрде іскеқосу туралы келісімге қол қойды. Бұл шалғай жәнежетуі қиын аудандарда цифрлық байланыстықамтамасыз етуге көмектеседі.

Республикалық және негізгі облыстық авто­жолдарды мобильді интернетпен қамту үшін 480-нен астам антенна-діңгекті құ­ры­лыс­тар салынады. Барлық республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталық­тарын­да 5G желілері таратылады.

Технологиялар дүниеге келіп, стартаптар да­митынжәне цифрлық дағдыларды үйретіп, білім беру жобаларын жетілдіретін кәсіби қауымдастықтарқалыптасатын кеңістіктерді, өңірлік хабтардыөркендетуҚазақстанның бүкіл аумағындацифрлық экожүйеге қол жеткізудің маңыздыэлементі болып отыр.

Қазір елордадағы Astana Hub-тан кейін тех­нологиялық кәсіпкерлікті және цифрлықинфрақұрылымды дамыту үшін жұмыс істейтін 19 өңірлік IT-хаб ашылды. Бұл бас­та­маелдіцифрлық трансформациялау тұр­ғы­сынан өңірлердідарынды адамдар мен ин­вестициялар тарту орталығына айнал­дыра­тын болашақэкономикасына жасалған маңызды қадам.

 

АДАМ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

 

Біз жас әрі тез өсіп келе жатқан ұлтпыз. 2023 жылыҚазақстан халқының саны 20 миллионнан асты. Бұлжиынтық туу коэф­фициентінің өсуініңнәтижесі. 2020 жы­лы аталған көрсеткішТәуелсіздік алғалы бері ең жоғары деңгейге, 3,13-ке жетті. Ал ауыл­дар­да ол 3,56 көрсеткішке дейін өсті. Басқаша айтқанда, еліміздегі бір отбасыға орта есеппен үш және одан да көп баладан келіп отыр.

Алайда туу көрсеткіші бойынша өңірлер ара­сындаайтарлықтай айырмашылық бар. Бұл көрсеткішелдің оңтүстігінде шырқау шыңы­на жетсе, солтүстікте құлдырап тұр. Ауыл мен шағынқалаларда инфрақұры­лым­ның дамымауысалдарынан болған демо­гра­фия­лық алшақтықкөші-қон үдерісінің ба­қы­лаусыз қалуыменкүрделене түсті. Ме­м­лекет бас­шысы атап өткендей, бұл жұрттың бәрі тұр­ғысы келетін іріқалаларымыздың инф­ра­­­­­құрылымына орасан зорсалмақ түсіріп отыр.

Мұндай жағдайда адамдардың өмірі мен дамуыүшін жергілікті жерлерде сапалы тұрғын үй мен заманауи әлеуметтік инф­рақұрылымнан бастапқолжетімді білім беру­ге, денсаулық сақтауға жәнецифрлық қыз­меттерге дейін жайлы және қауіпсізжағ­дай жасау аса маңызды. Халық санының өсуіжәне оның негізгі игіліктермен қамтамасыз етілудеңгейі бір-біріне сәйкес болуға тиіс.

Қазақстанәлеуметтік мемлекет, біз үшіназаматтарымыздың әл-ауқаты бірінші орын­да. Мемлекет басшысы атап көрсет­кен­дей, жергіліктіжерлерде әлеуметтік инф­ра­құрылымды дамытуғабөлінген қомақты қа­ра­жат та – экономикағасалынған инвес­ти­ция. Ол тек адам капиталы арқылы жүзеге асы­рылатын жанама инвестиция түрі. Әлеу­мет­тік саланы дұрыс қаржыландыру бұлең ал­дымен, ұзақмерзімді перспективада қайта­рып алу үшін сауатты түрде салынған қара­жат.

Қамқорлық пен қайырымдылық туралы ка­мера алдында айтылған ұрандар емес, осын­дайсалауатты мемлекеттік прагматизм ға­на өңірлердегіадамдардың өмір сүру дең­гейін көтеруге мүмкіндікберіп, оларға және бү­кіл елге жарқын болашаққадеген үміт сый­лайды.

Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік мем­ле­кет жақсыата-ана сияқты: ең алдымен, өз аза­маттарыныңбілімі мен денсаулығына қам­қорлық жасайды.

2019 жылдан бастап өңірлерде 1 миллион оқу­шыорнына есептелген 1 200 жаңа мектеп са­лынды. Бұлрекордтық көрсеткіш. Ауыл­дық жерлерде 3 мыңнан астам мектеп жаң­ғыртылды, 100-ден астамүш ауысымды және апат­ты мектептер мәселелерішешілді. Сон­дай-ақ 200 мектепте орын тапшылығыжойыл­ды. Сыбайлас жемқорлардан алынған қар­ажатты жинақтайтын Білім беру инф­рақұрылымынқолдау қорының арқасында 74 заманауи мектепашылып, тағы 15 мек­теп­тің құрылысы жүргізіліпжатыр. Өңірлердегі мек­теп реформасының басым бағыттарының бірітұрғылықты жерінеқарамастан, сапалы бі­лім алуға тең қол жеткізужәне оқыту үшін за­манауи жағдайлар жасау.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында 460 мың оқу­шы орнынаарналған 217 мектеп салу жос­пар­­­ланған болатын. Оның 40 пайыздан ас­та­мы ауылдық жерлерде бой көтермек. Олардың көп­шілігі қазірдің өзіндесалынып болды, та­ғы 41 мектептің құрылысыаяқталуға жа­қын. Бұл жай ғана жаңа ғимараттаремес. Оларбалалар заманауи талаптарға сай жағ­дайда оқуға мүмкіндік алатын жаңа өсу нүк­телері.

Мектеп инфрақұрылымының бірыңғай за­манауиформатына көшудің келесі кезеңі қол­даныстағы оқуорындарын реновациялау бол­мақ. Ол таяудағы үшжыл ішінде 1 200-ден ас­там мектепті қамтиды. Оның жартысынан кө­бі ауылдық мектептер екенінатап өткен жөн.

Мұнда сөз тек ғимарат тұрғызу, инже­нер­лікжелілерді тарту немесе мектеп аумағын абат­­тандыру жөнінде болып отырған жоқ. Жо­ғарыжылдамдықты интернетке қол жеткізу, заманауиоқу кабинеттері, жаңа білім беру технологияларысияқты мазмұндық жа­ғына баса мән берілмек. Оның бәрі ауыл ба­ла­ларына сапасы жағынан іріқалалардың лицейлерінде оқудан кем түспейтінжағдайда білім алуға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы мектеп қала мен ауыл ара­сындағышекаралар жойылатын тең мүм­кіндіктер кеңістігінеайналуға тиіс. Жақын ара­да білім берудегі өңірліктеңсіздік еңсе­рі­леді. Ал әрбір бала тұрғылықтыжеріне қара­мас­тан, өзінің әлеуетін ашуға жәнеелдің бо­ла­шағына үлес қосуға мүмкіндік алады.

Қазір денсаулық сақтау жүйесінде де осындайүдеріс жүріп жатыр.

Қазақстанда денсаулық сақтау инфра­құры­­­­лымы2010 жылдардың аяғында, ко­ро­на­вирус пандемиясының дәл алдында ілгері жыл­жымай, керісінше кері кетті. Бұл кері кету 1990 жылдардыңортасынан басталды, 2000 жыл­дардың ортасынақарай шамамен екі мың­нан бір мыңға дейін азайыпқалды. Егер 1991 жылы медициналық мекемелербірден 230,4 мың науқасты қабылдай алса, 2019 жы­лы тек 96,3 мың науқасты қабылдайтын мүм­­­кіндігі болды.

Денсаулық сақтау саласына қаражат жет­кіліксізболған тоқсаныншы жылдар туралы айт­паса да түсінікті. Ал одан кейінгі жылдарда ой­даншығарылған қаржылық жағынан не­гіздеумәселелері бірінші орынға шықты. Бұл тәсілдердіңсалдарын халық ауылды айт­па­ған­да, елорданыңөзінде орындар, жабдықтар, дәрі-дәрмектержетіспеген пандемия кезінде қатты сезінді.

Пандемиядан алған сабақ бекер болған жоқ. Қазақстан медициналық инфрақұры­лым­ды жан-жақты дамыту мен жаңартуды қол­ға алды. 2022 жылдан бастап бүкіл ел бойын­ша 927 денсаулықсақтау нысаны са­лын­­ды. Ең бастысыауылғатүбегейлі түрде көңіл бөліне бастады. 2022 жылдың қыр­күйе­гінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ре­фор­малар жөніндегі жоғары кеңестіңкезекті оты­рысында «Ауылдық денсаулық сақтаудыжаң­ғырту» ұлттық жобасын мақұлдады.

Ұлттық жоба аясында 655 медициналық ны­санныңқұрылысы көзделген. Соның 596 ам­булатория, фельдшерлік-акушерлік және ме­дициналықпункттер пайдалануға берілді. 2025 жылдыңсоңына дейін қалған 59 бас­тапқы медициналық-санитарлық көмек көр­сету нысандарын ашужоспарланып отыр. Со­нымен қатар 32 көпсалалыорталық аудан­дық ауруханаларды жаңғыртужұмыстары жүр­гізілуде. Барлық инфрақұрылымжарқын бо­лашаққа бағытталып құрылуда. Бұлөңір­лердегі медициналық қызметтердің сапасы тү­бегейлі жаңа деңгейге көтеріліп келеді де­ген­дібілдіреді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуҚа­зақстанның болашағына салынған стра­те­гия­лықинвестиция. Оны табысты іске асыру ши­кізаттықэкономикадан адами капиталға не­гізделгенэкономикаға көшуді жылдам­да­тады. Ол өмір сүрудеңгейіндегі теңгерімсіздік мә­селесін шешіп қанақоймай, алдағы он­жыл­дықтарда өңірлердіңорнықты дамуы, әлеу­мет­тік тұрақтылығы мен экономикалық бә­се­кеге қабілеттілігі үшін негізболады.

 

 

ҰЛТ БЕСІГІ

 

Бүгінде ел азаматтарының 37 пайызға жуығынемесе шамамен 7,5 млн адам ауылда тұрады. Алайда жыл сайын ауыл хал­қы­ның да, ауылдардыңда саны азайып келе жат­қаны белгілі. Мұны жамандеуге де, жақсы деу­ге де болмас, бұлелдің дамуымен ондағы ауыл халқының үлесі арасындағыарақа­ты­нас­тың объективті көрінісі ғана.

Бұл арақатынастың мәні мынадай: елдің эко­номикалық, әлеуметтік және техно­ло­гия­лық даму деңгейі артқан сайын, ауыл хал­қы­ның да үлесісоғұрлым азая түседі. Бұл екі өзара байланыстыүдерістің нәтижесіэко­но­микалық өсіммен қатаржүретін урба­ни­зация + еңбек күшіне сұраныстытөмендететін ауыл шаруашылығынмеханикаландыру. Атал­ған заңдылық ауылтұрғындары саны­ның табысқа тікелейтәуелділігінен айқын көрінеді: жан басынашаққандағы жалпы ішкі өнім неғұрлым жоғарыболса, ауыл тұрғын­дары­ның үлесі соғұрлым аз болады.

Еліміздегі осы екі көрсеткішті көршілері­міз­­бенжәне әлемдегі ең дамыған экономика ие­сісаналатын АҚШ-пен салыстырып кө­рейік. АҚШ-та ауыл халқының үлесі шамамен 16,5 пайыз, ал жанбасына шаққандағы жал­пы ішкі өнім 85 810 долларға тең. Аталған көр­сеткіш Ресейде – 26 пайыз және 14 889 дол­лар, Қытайда – 34,5 пайызжәне 13 303 дол­лар, Қазақстанда – 37 пайыз және14 445 дол­лар, Өзбекстанда – 49,4 пайыз және 3 162 дол­лар. Мұнда екі полюс – ауыл халқының үле­сішамалы АҚШ және жан басына шақ­қан­дағыжалпы ішкі өнімі төмен, тұрғындарының жар­тысына жуығы ауылдарда тұратын Өзбек­станкөрсетілген. Бұл табыс деңгейі төмен болғансайын, ауылда тұратын халық саны көп боладыдеген модельді растайды.

Алайда осы үрдістің объективті сипатына қара­мастан, ауыл айрықша қолдауды және да­мытудықажет етеді. Ауыл тұрғындарының бар­лықзаманауи өмір сапасына сай жағ­дай­ларын жасап, олардың өмір сүру деңгейіндегі ал­шақтықты азайтукерек. Ауыл әрдайым хал­қымыздың рухани тірегімен алтын бесігі бол­ды және солай болып қалабереді. Ол ха­лықтың ішкі жан дүниесі мен өзіндікерек­ше­лігін айқындайды және оның жоғалуы қа­лыптасып келе жатқан ұлттың түпкі мүд­десінеауыр соққы болары сөзсіз.

Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет бас­шы­сы­ныңауыл мен ауыл-аймақтарды дамыту жө­ніндегібастамалары тек экономикалық не­месе әлеуметтікбағытты қамтымайды. Олар­дың ішкі пайымы, сайып келгенде, мем­лекетті мемлекет ететін негізгіқұндылықұлттық бірегейлігімізді сақтау әрінығай­туды көздейді.

Сондықтан Президентіміз 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауданкейін, 2022 жылғы 26 қарашада қол қойғаналғашқы Жар­лығы Қазақстан Республикасыныңауыл­дық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жыл­­дарға арналған тұжырымдамасы тура­лы құ­жатболды. Мемлекет басшысы ұлық­тау рә­сі­міндесөйлеген сөзінде: «Менің сай­лауалды бағ­дарламамда ауылды дамы­туға ерекше көңілбөлінді. Қазіргі таңда аза­маттары­мыз­дың 40 пайызға жуығы ауыл­дық жерде тұра­ды. Халқымыз«Ауыл – ел бесігі» деп босқа айт­паған. Сондықтанауыл тұрғындарының тұр­мыс жағдайын жақ­сартубіз үшін абы­ройлы іс», – деп атап көрсетті.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін жұ­­мыс құра­лыретінде әлеуметтік, ин­женерлік және кө­лікинфрақұрылымын жаң­ғыртуға бағыт­талған «Ауыл – ел бесігі» (2019) бағдарламасы ен­гізілді. 2027 жылға қа­рай даму әлеуеті ана­ғұр­­лым жоғары 3 500 ауылда тұратын 7 мил­лион ауыл тұр­ғы­ны үшіннегізгі көрсетілетін қыз­меттер мен инфрақұрылымның заманауи дең­гейі қамтамасызетіледі. Соның аясында жаңа мектептер мен медициналық меке­ме­лер­дің бой көтеруі, мәдениетжәне спорт ны­сан­дарының ашылуы, ауылдажолдардың са­лынуы, сумен және электрменқамтамасыз ету, жылдамдығы жоғары интернет тарту, ха­­лыққа қызмет көрсету орталықтарын ашусияқты іс-шаралар қолға алынады.

Ауыл тұрғындарының табысын аг­ро­өнер­кәсіптікөндірісті, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығыкооперациясын да­мы­ту арқылы көбейту жоспардабар. Шағын шаруашылықтарды біріктіруфермерлерге жерді, ауыл шаруашылығытехникасын, суару жүйелерін бірлесіп пайдалануесе­бі­нен шығынды азайтуға және өнім көлемін арт­тыруға, делдалсыз тұрақты өткізуді жол­ға қоюғамүмкіндік береді. Бұл жерде жеңіл­детілген шағыннесиелер мен лизинг­ке техника беру арқылыауылда шағын биз­­несті және кооперацияныдамытуға ба­ғытталған «Ауыл аманаты» жобасы(2023) маңыз­ды тетіктің біріне айналды.

Тұжырымдаманы іске асыру қоры­тын­дысыбойынша табысы ең төмен күнкөріс дең­гейінен аз адамдардың үлесі – 5,8 пайыз­ға дейін, жұмыссыздық  4,2 пайызға дейін төмендемек. Сумен қамту – 100 пайыз­ға, интернет тарту – 97 пайызға, жер­гілікті жолдардың қалыпты жағдайы95 пайызға жетеді деп жоспарланған.

Ауылды дамыту мен оның мәселелерін шешу тек аграрлық сектордың тиімділігін арттыру емес. Бұлқазақ халқының мә­де­ни бірегейлігін сақтаумәселесі. Жүйелі ре­формалардың арқасында біз ұлтбесігін жаң­ғыртып, ауылды өмір сүруге және ба­тылбастамаларды жүзеге асыруға қолайлы мекенгеайналдырамыз.

 

SUCCESS STORY

 

Бірде Орал қаласында жастармен кез­дескенкезімде мені бір қыздың өмір жо­лын таңдау туралыәңгімесі таңғалдырды. Шәрипа БазарбаеваАстанада журналист ма­мандығы бойынша білімалып, туған қа­ласында жергілікті телеарнағажұмысқа ор­наласады. Тұрмыс құрады. Бірақ бірсәтте өмі­ріне мән беретін ең маңызды нәрсені уы­сынан шығарып алғандай сезім пайда бо­лады. Ойлана келе жас жұбайлар «қырға кету», шалғайжерге бару, фермерлік шаруа­шылықпен айналысып, өз қолдарымен тапқан табыспен өмір сүру туралышешім қа­былдайды.

Қазір олар туған жердің қасиетін бойы­на сіңіріп, өзісін дөңгелетіп, мал шаруа­шы­лы­ғымен айналысып, мағыналы өмір сүріп отыр. Алған білімі де пайдағажараған. Шә­рипа Instagram-да блог жүргізіп, ауылөмірі жайында рилстер жариялайды. Оның мұндайконтенттері ауыл тіршілігінен алыс мыңдағанадамның қызығушылығын туды­рып, көпшіліктіңназарын аударды.

Бұлстереотиптерді бұзу және ауылға де­ген жаңакөзқарастың қалыптасуы ту­ралы оқиға. Ауыл жайлы өмір сүруге, жақсы жұ­мыс істеуге жәнебақытты ұрпақ өсіруге болатын тамаша орынекенін дәлелдейді.

Сондай-ақ бұлболашақ туралы оқиға. Ауыл мен шалғай елді мекендер бастама­шыл әрі батыладамдар үшін өзін-өзі қам­та­масыз ете алатынорталыққа айна­ла­ты­ны туралы нақты мысал. Мұнда, бұрын­ғы­дай, ғасырлар бойы қалыптасқанхалықтың шынайы құндылықтары жаңа сипаттажаң­ғырып, мән-мағынасын жоғалтпай, ұр­пақтан-ұрпаққа жетіп, жалғаса береді.

Ауылдың шынайы дамуы – тек эконо­ми­калық, әлеуметтік немесе инфрақұры­лым­дық мәселелердішешумен шектелмейді. Адам өмірі үшін аса маңызды осы мате­риал­дық негіздердің артындатағы бір, ма­териалдық емес ең басты құндылықтұр. Ол – біздің ұлттық бірегейлігімізді қа­лыптастыратын рухани бастауларды сақ­тау. Дәлосы рухани негіздер ХХІ ғасырда ұлттыңжаңғыруы мен өрлеуінің берік кепілі болмақ.

Бұл қиялдан туған құрғақ сөз де, «пат­риоттық» тұмар да емес. Жоқ. Бұл – 20 миллион «Мен» дегендауысты бір­­тұтас «Біз» деген үнге біріктіретін жа­зыл­маған ереже, құндылықтар, әдеп нор­маларымен мәдени парадигмалар кодексі іспеттесшындық.

Ауыл біздің бірегейлігімізді бекем­дейтін, ұлттыңсыртқы ортамен араласып кетуіне жол бермей, аласапыранға қарсы тұратын күш болып қалабермек.

Көпшілік пікірге қарамастан, бұл кер­тартпа күшемес, ілгерілеу күші екенін үне­мі назардаұстауымыз керек. Мұндай күш Кеңес заманындашалғай ауылдардағы ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызды білім мен табыс жолына жетеледі. Ондаған жылдан кейін осы күш мыңдаған жасқа86-ның қаһарлы желтоқсанында бас көтер­тіп, Тәуелсіздікке жеткізді, егемен еліміздің іргетасынқалады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әді­леттіҚазақстан құру жолындағы ре­фор­­малары – осы күшке жетелейтін қадам. Ол – қуатты өңірлерденмықты ұлт бола­ша­ғына бастайтын қарышты қадам.

 

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы

 

Дереккөз: https://turkystan.kz/article/270494-reformalardyn-mani-4-quatty-onirler-quatty-ult

Басқа жаңалықтар

Back to top button