AMANAT

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы сияқты жобалар ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер береді. Микронесиелердің төмен пайыздық мөлшерлемесі ауыл экономикасын дамытуға үлкен серпін беруде. Бүгін Іле ауданында «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды жобалардың орындалу барысы қаралды. Күн тәртібінде «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру және «Жасыл даму» бағдарламасы аясындағы инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Президенттің бастамасымен жүзеге асып отырған «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігі жөнінде де сөз қозғалды. Тұшымды ой-пікір айтылып, сұрақтарға жауап берілді.

Кездесу аудандық облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, «БЕЛАГРО» компаниясының өкілдерімен бірлесе ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету бойынша кеңестер берілді.

Шараның негізгі мақсаты – ауылдық жерлерде кәсіпті дамытуымен қатар, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

🆕 Бұдан бөлек, мал шаруашылығын дамыту үшін төрт түлікті тауарлы несие арқылы беру тетігі енгізілуде. Бұл – ауыл тұрғындарын қолдаудың жаңа мүмкіндігі болып табылады. Жоба ауыл кәсіпкерлігін жандандыруға тың серпін береді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлеріне үлкен мүмкіндік сыйлап отыр. Жеңілдетілген несие арқылы ауыл тұрғындары өз кәсібін дамытып, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ұтқожа Майқы жетістігі – бұл бағдарламаның қаншалықты тиімді екенін көрсетеді. Егер осындай жобалар көбірек болса, ауыл шаруашылығы айтарлықтай дами түсер еді. Мемлекет тарапынан ауыл кәсіпкерлеріне деген қолдау жалғасын таба берсін!

💬 Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан жобаның тиімді іске асуын бақылау, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржы қарастыру мәселелері бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Партия тарапынан қоғамдық бақылауды күшейту – басты назарда.

#AMANAT

Басқа жаңалықтар

Back to top button