ЖАСТАРМЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖАҢА БАСТАМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен жастар арасындағы өзекті мәселелерге арналған ашық кездесу өтті. Шараның басты мақсаты — жастардың ой-пікірін тыңдап, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру және өзекті проблемаларды бірлесе шешу жолдарын талқылау.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, «Байкент» БПҰ – ның төрағасы, Сакен Жансаров сондай-ақ Байсерке ауылының №12 орта мектеп директоры Анар Монтаева қатысты.
Диалог барысында мектеп оқушыларына мамандық таңдау, кәсіпкерлікке бет бұру, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер және жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін қозғады. Өз кезегінде қатысушылар жастарға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары, білім мен тәжірибені ұштастыру тетіктері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар мұндай ашық форматтағы диалог алаңдары жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, инициативасын қолдауға және қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашатынын атап өтті.
«AMANAT» партиясы жастардың ойы мен ұсыныстарын әрдайым ескеріп, олардың әлеуетін ел дамуы жолында тиімді пайдалануға басымдық береді», — деді кездесуде «Байкентә БПҰ – ның төрағасы Сакен Жансаров.
Мұндай басқосулар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда.
#AMANAT



