ТҰҢҒЫШ РЕТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің форумы өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың форумға тікелей қатысуы. Бұл – ауыл әкімдеріне көрсетілген жоғары сенім мен қолдаудың айқын көрінісі.
Бүгінгі таңда әр салаға қойылар талап та, жауапкершілік те жоғары. Демек халық сайлаған әкімге артылар жүк те жеңіл емес. Сайланған соң, халықтың үмітін ақтап, елге қызмет етудің жөні бөлек.
Ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл әкімдерінің ел үшін атқарып жатқан қызметімен тығыз байланысты. Еліміздің әр өңірінен келген ауыл әкімдері инфрақұрылымды жақсарту, ауызсу, жол, интернет, медицина мен білім сапасын көтеру, ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіпкерлік пен жастар саясатын күшейту бағытында пікір алмасты.
Президент ауыл – елдің тірегі екенін, ал ауыл әкімдері халыққа ең жақын, ең жауапты басқарушы екенін ерекше атап өтті.
«Әкім болсаң – халқыңа жақын бол» дегендей бүгінгі күннің әкімі белсенділігімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Яғни заман талабына қарай түрлі бағдарламаларды меңгеру, жаңашылдыққа, өзгерістерге дайын болу да басты міндетім деп есептейміз дейді форумға қатысушы округ әкімдері.
Жиында Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарының әл-аухатын арттыруға қол жеткізу бағытында ауыл әкімдерінің құзыреттілігін көтеру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысының ауыл әкімдеріне артқан үміті – біз үшін үлкен жауапкершілік.
Осы сенімді ақтау жолында тәжірибе алмасып, алдағы жұмысты нақты нәтижеге бағыттауға ниеттіміз.
Бұл форум – ауыл болашағы үшін жасалған маңызды қадам!
Ендігі міндет – ел сенімін ақтап, ауылдың дамуына нақты серпін беру!
Ауылдың үні естілетін, мәселесі шешілетін уақыт келді.
#АуылӘкімдері #Amanat #Форум #АуылДамуы #ЕлИгілігі



