Без рубрики

2025 жылғы 12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты электр желілеріндегі апаттық өшірулер туралы…

2025 жылғы 11 желтоқсан күні желдің қатты соғуынан (25 м/с дейін), электр сымдарының түйісіп-шатасуынан, ағаштардың құлап электр желісінің құрылғыларыныңзақымдалуы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ) желілерінде бірнеше апаттық өшірулер болды. Нәтижесінде Алматы облысының кейбір аудандары мен Қонаевқаласында тұтынушылардың электр энергиясымен уақытшақамтамасыз етілуі шектелді. Қолайсыз ауа райы осы апаттықжағдайлардың негізгі себебі болып табылады.

Іле, Талғар, Балқаш аудандары мен Қонаев қаласындаэлектр желілерінің өшуі кейбір тұтынушылардың уақытшаэлектр қуатынан ажырауына әкеп соқтырды. Апаттықөшірулерді жою мақсатында жедел-қалпына келтіружұмыстары ұйымдастырылды. Жұмысқа тартылғандар:

• қызметкерлер – 120 адам;
• техника – 25 бірлік.

«АЖК» АҚ бригадалары электрмен жабдықтауды қалпынакелтіру жұмыстарын дереу бастады. Әлеуметтік нысандар мен өмірлік маңызы бар объектілер резервтік энергия көздерінеқосылды. 12 желтоқсан күні Балқаш және Іле аудандарының, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларының электрменжабдықталуы толық қалпына келтірілді. Талғар жәнеЕңбекшіқазақ аудандарының кейбір абоненттері кезең-кезеңімен қосылуда. Қолайсыз ауа райының сақталуынабайланысты толық қалпына келтіру жұмыстарының мерзіміөзгеруі мүмкін.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жағдайды тәулік бойықадағалап, электр қуатымен жабдықтауды толық қалпынакелтіруге барлық күшін жұмсайды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Қоғаммен байланыс және БАҚ секторы

Тел: 8 (7273) 76-19-46; 8 701 410 88 56

kkabylkayeva@azhk.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button