AMANAT

РУХАНИЯТ – ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ

Жаһандану дәуірінде ұлттың өз болмысын, төлтума табиғаты мен дәстүрінің қаймағын бұзбай сақтап отыруы оңай емес. «AMANAT» партиясы тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытындағы бастамаларды жүзеге асыруда. Бұл – біздің ұлтымыздың, халқымыздың алдындағы перзенттік парызымыз болып табылады.

Осы мақсатта, «AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен кешенді шаралар жүзеге асуда. Соның бірі «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Ащыбұлақ ауылдық округінің №19 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларын, өңіріміздегі тарихи орын саналатын Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайына тарихи кешендермен таныстыру шарасы ұйымдастырылды.

Жастар тарихты білуі керек. Қазақтың ұлт ретінде, мемлекет ретінде қалай сақталғаны жадымызда сақталуы керек. Бүгінгі ашық аспан астында, бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз елінің азаттығы, бірлігі, ынтымағы мен болашағы үшін күресіп, соның жолында жанын құрбан еткен қайсар бабаларымыздың арқасында екенін біліп жүру керек, — деді аудандық партия төрағасы Алмасбек Сатибаев.

«АМАNАТ» партиясы ұжымы маңызды шараның басты мақсатына тоқталып «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Жамбыл ауданынан бастау алған экскурсияның маңыздылығын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button