Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына төнгенқауіп

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуынакедергі келтіретін мәселелердің бірі. Олмемлекеттің негізін әлсіретіп, азаматтардыңбилікке деген сенімін жояды және әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Қандай формадажәне қандай көлемде болса да, сыбайласжемқорлық әрдайым қоғамдық мүддеге зиянкелтіреді.
Сыбайлас жемқорлықтын негізінде билікті жәнепайда үшін асыра пайдалану жатыр. Олпарақорлық тамыр – таныстық, ресурстарды заңсызбөлу, сондай-ақ шешімдерді заңға емес, сыйақығасүйеніп қабылдау түрінде көрініс табады. Мұндайәрекеттер қүқықтық мемлекетке тән әділдік пен теңдік қағидаттарын бұзады.
Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті жағы – егерқоғам оған қарсы тұрмаса, ол біртіндеп «қалыптыжағдайға» айналады. Адамдар мәселелерді ақшанемесе таныс арқылы шешуге үйренген кезде, заңөз күшін жоғалтып, адал еңбек құнсызданады. Нәтижесінде ережені сақтайтындар зардап шегіп, оны бұзатындар марапатталады.
Сыбайлас жемқорлықтың экономикалық салдарыда өте ауыр. Мемлекеттік қаражат тйімсізжұмсалады, білім беру, денсаулық сақтау жәнеинфрақұрылым сапасы төмендейді. Инвесторлардың сенімі азайып, халықтын өмірсүру денгейі құлдырайды. Мұның барлығықоғамдағы әлеуметтік теңсіздік пен шиеленістікүшейтеді.
Алайда сыбайлас жемқорлықпен күрес тек заңдармен шаралары арқылы ғана жүзеге аспайды. Бұлретте сыбайлас жемқорлықтын алдын алумәдениетті қалыптастыру – заңға құрмет, адалдықпен жауапкершілікті тәрбиелеу – мағызды рөлатқарады. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа, тіпті жанама түрде қатысуының өзі қоғамдыкүйретуге үлес қосу екенін түсінуі тиіс.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық – жай ғана құқықбұзушылық емес, елдің болашағына төнген жүйеліқауіп. Оны жеңу мемлекетпен қоғамның бірлескенкүш-жігері арқылы ғана мүмкін, яғни сыбайласжемқорлыққа төзбеушілік ортақ құндылыққа, ал адалдық өмірлік нормаға айналған жағдайда.
Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы:
Ерік Оразғалиұлы Кудайбердиев



