Жауапты және тұрақты қоғам құруға берік негіз

Менің жеке пікірімше, конституциялық реформа – қоғамның жаңаруына серпін беретін аса маңызды қадам. Ол мемлекеттік биліктің ашықтығын арттырып, заң үстемдігін күшейтуге мүмкіндік береді. Реформа арқылы билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нақты қорғалады. Бұл, өз кезегінде, халықтың мемлекетке деген сенімін күшейтеді.
Сонымен қатар, конституциялық реформа қоғамның қазіргі сұраныстары мен заман талабына сай болуын қамтамасыз етеді. Уақыт өзгерген сайын басқару тәсілдері де жаңаруы тиіс, ал Конституция сол өзгерістердің құқықтық негізі болуы керек. Егер реформа шынайы түрде, халықтың мүддесін ескере отырып жүзеге асса, ол әділетті, жауапты және тұрақты қоғам құруға берік негіз қалайды.
Орынбасаров Н.
Іле аудандық мәслихат депутаты



