Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы ел дамуының келесі кезеңін айқындайтын маңызды құжат болып табылады.

Қазіргі таңда бұл жоба қоғамдық талқылауға шығарылып, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін ескеруге кең мүмкіндік беріп отыр. Мұндай ашықтық демократиялық қағидаттардың нығайып келе жатқанын көрсетеді.
Конституция жобасында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау және халықтың саяси өмірге қатысуын арттыру көзделген. Бір палаталы Парламент – Құрылтайды құру, Қазақстан Халық Кеңесін қалыптастыру және вице-президент институтын енгізу басқарудың жаңа, тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың тек жалпыхалықтық референдум арқылы енгізілуі – халықтың еркін басты құндылық ретінде мойындаудың айқын көрінісі. Қоғамдық талқылауға белсенді қатысу әрбір азаматтың ел болашағына қосқан үлесі деп санаймын.
Түймелиев Н. Л.
Іле аудандық мәслихат депутаты



