Без рубрики

Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жылда өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарыарқылы 15 млн-ға жуық қызмет көрсетілді

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердіцифрлық форматта өз бетінше алу мүмкіндігінбелсенді пайдаланған. Бұл туралы «Азаматтарғаарналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясыхабарлады. Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағындағы өтініштерсаны бір жыл ішінде 6,6 млн-нан астамға өсіп, шамамен 14,8 млн-ға жеткен. Ал 2024 жылы бұлкөрсеткіш шамамен 8,2 млн болған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылыкөрсетілген қызметтер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – мұнда бір жыл ішінде 2,3 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Одан кейінтізімде Алматы облысы (1 млн-нан астам) жәнеТүркістан облысы (шамамен 1 млн) орналасқан.

Аталған аймақта ең көп сұранысқа ие болғанкелесі бес қызмет: электрондық цифрлық қолтаңба(ЭЦҚ) алу, архивтік анықтамалар рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, соттылығыныңбар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқекендігі туралы анықтама алу.

«Біздің қызметіміздің негізгі мақсаты – азаматтарға барынша ыңғайлы әрі қолжетімдіжағдай жасау. Әр адам мемлекеттік қызметтіөзіне қолайлы тәсілмен алуы тиіс: біреулермобильді қосымшалар мен электрондық үкіметпорталын таңдаса, өзгелері банк қосымшаларыннемесе ХҚКО-ға жүгінуді жөн көреді. Біз үшін еңбастысы – қызмет алушылардың жайлылығымен қанағаттану деңгейі», – деп атап өттіМемлекеттік корпорацияның Басқарматөрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, 2025 жылы ХҚКО операторларыарқылы 13 млн-нан астам мемлекеттік қызметкөрсетілген, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 млн-нан асқан. Фронт-офистер арқылы көрсетілгенмемлекеттік қызметтер көлемі бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көшбасшы болыпқала береді.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, елімізбойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасынақанағаттану деңгейі 95 пайыздан асады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button