Без рубрики

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жеке пікір

 

2026 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлығы – елдің саяси-құқықтық дамуы үшін маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, сондықтан оны жетілдіру қоғамдағы өзгерістер мен жаңа талаптарға сай жүргізілуі қажет.

Бұл комиссияның құрылуы ең алдымен мемлекет басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіруге бағытталғанын көрсетеді. Қазіргі жаһандану кезеңінде елдің тұрақты дамуы үшін құқықтық жүйені үнемі жетілдіріп отыру маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, комиссияның басты міндеті – қоғам пікірін ескере отырып, нақты әрі тиімді ұсыныстар әзірлеу.

Менің ойымша, мұндай комиссияның құрылуы билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайтады. Егер комиссия жұмысы ашық, жария және көпшілік талқылауға негізделсе, халықтың мемлекеттік реформаларға деген сенімі артады. Сонымен қатар бұл бастама демократиялық құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру – Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуына бағытталған маңызды қадам. Ең бастысы, ұсынылатын өзгерістер халықтың мүддесіне сай болып, елдің болашағына оң әсерін тигізеді деп сенемін.

Сатибаев А. Қ.

Іле аудандық Amanat партиясы филиалының басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button