Прогресс колледжіндегі кездесу

✅Бүгін Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы «Прогресс» колледжінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның белсенді бөлігі болып саналатын жастарға жан-жақты жеткізу мақсатында студенттер және мұғалімдермен кездесуі өтті. Кездесуге облыстық және аудандық коалиция мүшелері қатысты.
✅Жалпыұлттық коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге бағытталғанын атап өтті.
✅Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған. «Отбасы – қоғамның берік негізі. Гендерлік теңдік те осы негізді нығайтуға қызмет етуі тиіс. Ер мен әйелдің тең мүмкіндігі отбасындағы татулықты, тәрбиенің сапасын және қоғамдағы үйлесімділікті арттырады. Азаматтық неке, ата-ана жауапкершілігі, бала тәрбиесі – бәрі де мемлекет дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ұғымдар».
✅Коалиция мүшелері мұндай ашық диалог алаңдарының азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және елдің болашағына бағытталған реформаларды терең түсінуге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
✅Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.



