Конституциялық өзгерістер

Конституциялық өзгерістер тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге немесе билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін реттеуге ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың тұрақты әрі жүйелі жұмыс істеуіне де бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары мемлекеттік биліктің үздіксіздігін қамтамасыз ететін Вице-президент лауазымын енгізу – басқару тетіктерін нығайтатын маңызды қадам.
Сонымен бірге, бұл реформаның басты ерекшелігі – оның барынша ашық форматта өтуі. Конституциялық комиссияның жұмысы қоғам назарында болды, талқылаулар жария түрде ұйымдастырылды, ал құжаттың жобасы көпшілікке қолжетімді етілді. Азаматтар өз ұсыныстарын электрондық алаңдар арқылы жолдап, мазмұнды пікірталасқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай ашықтық реформалардың демократиялық сипатын күшейтіп, қоғам сенімін арттыра түсті.
Н. Орынбасар Іле ауданының мәслихат депутаты



