Без рубрики

Әрбір ұсыныс, әрбір пікір маңызды

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бүкіл қоғам назарында тұр. Бұл – жай ғана заңнамалық түзету емес, мемлекеттің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі.

Ең маңыздысы – бұл бастаманың ашық түрде жүргізіліп жатқаны. Арнайы комиссия құрылып, оған заңгерлер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен белсенді азаматтар тартылған. Бұл – халық үні ескеріліп, шешімдер жабық кабинетте емес, қоғамдық пікірмен санаса отырып қабылданып жатқанын көрсетеді. Мұндай тәсіл билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, әр азаматтың ел тағдырына ортақ екенін сезіндіреді.

Әрине, кез келген реформа тек қағаз жүзінде қалып қоймауы тиіс. Оның нәтижелі болуы – қоғамның белсенді қолдауына, азаматтардың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Бүгінгі талқылаулар – ертеңгі тұрақты дамудың іргетасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияға кез келген өзгерістер референдум арқылы енгізілуге тиіс екенін атап өтті. Бұл ұсыныс жобада көрініс тапты. Негізгі заңға түзетулер енгізу Президенттің шешімі бойынша бүкілхалықтық референдум арқылы ғана жүзеге асырылатын болады.

Сатибаев А. Қ.

Іле ауданы бойынша «Amanat» партиясы төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button