Без рубрики

«Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас: мәжбүрлеу мен сталкингтің алдын алу»

«Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас: мәжбүрлеу мен сталкингтің алдын алу» тақырыбында колледж студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, жеке шекараны құрметтеу, некеге мәжбүрлеу мен қудалау (сталкинг) белгілерін түсіндіру және олардың алдын алу бойынша ақпарат беру.

Кездесу барысында қатысушыларға психологиялық маманның қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынастың маңыздылығы, қауіп белгілерін дер кезінде тану және қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдары талқыланды. Студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасу форматында ашық диалог ұйымдастырылды.

Іс-шара нәтижесінде қатысушылардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттар жеткізіліп, тақырып аясында профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button