
Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы еліміздің саяси дамуындағы шешуші кезеңге тоқталып, тарихи маңызы бар мәлімдеме жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан сапалық тұрғыдан мүлде жаңа саяси бағытқа қадам басты.
Парламенттік реформаларды толық жүзеге асыру үшін Конституцияның бірқатар бөлімін қайта қарау қажеттігі атап өтілді. Бұған дейін Ата заңға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы іс жүзінде Қазақстанның жаңа конституциялық келбетін қалыптастыруға жол ашады.
Бұл – жай ғана құқықтық түзету емес, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және халықтың саяси үдерістерге қатысуын арттыруға бағытталған терең трансформация.
Түймелиев Н. Л.



