
Жастармен диалог алаңы аясында «Құрметке негізделген қарым-қатынас және жеке шекаралар: қысымсыз таңдау» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушылар өзара сыйластық, жеке шекараны сақтау, саналы шешім қабылдау және құрдастар арасындағы қысымға қарсы тұру мәселелерін талқылады. Ашық пікір алмасу форматында өткен жиын жастардың ой-пікірін тыңдап, өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталды.
Кездесу AMANAT партиясы мәжіліс залында ұйымдастырылып, жастардың белсенді қатысуымен өтті. Диалог барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзара құрметке негізделген қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті



